Мазмұнға өту

Жаңа

Медицина саласын дамыту – басым бағыттың бірі

«Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ринат Беков Шелек ауылындағы аудандық аурухананың ұжымымен кездесіп, партияның және өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Алдымен күн-түн демей тұрғындардың саулығы үшін күресіп жүрген абзал жандарға ризашылығын білдірді:– Ұлт саулығының сақшысы болған медицина қызметкерлерінің еңбегін атаусыз қалдыруға болмайды. Әсіресе, әлемді жайлаған коронавирус індеті кезінде бастарын бәйгеге тігіп, ажалға араша тұрдыңыздар. Отбасы, бала-шағаңыз жырақта жүріп, аурумен күресте алдыңғы шепте еңбек еттіңіздер. Осылайша, еліміздегі денсаулық сақтау саласының кез-келген қиындықтарға тойтарыс бере алатындығын дәлелдедіңіздер. Сіздердің арқаларыңызда індеттің беті қайтып, жағдай тұрақталды, эпидемиялық ахуал мемлекеттің қатаң бақылауын…

0
0
197

Еңбекшіқазақ ауданы«Nur Otan» партиясы

«Nur Otan» партиясынан мәжіліс депутаттығына үміткер Жанна Телпекбаева және Алматы облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ерік Абитов облысымызға белгілі азамат, партия ардагері Елеусіз Сұлтанғазиевпен кездесіп, ақсақалдан ақ бата алды. Кездесуде саяси ұйымның жүзеге асырылатын бағдарламаның негізгі басымдықтарын атап өткен кандидаттар өзінің сайлауалды бағдарламаларын да таныстырды. Үміткерлерге сәттілік тілеген Елеусіз Сұлтанғазиев батасын беріп, жетекші партияның саяси науқанда басым түсуіне тілеулестік білдірді.

0
0
261

Бүгін сайлауалды бағдарламаны түсіндіру мақсатында

Алғабас ауылының тұрғындарымен онлайн форматта кездесті. Онлайн кездесу барысында тұрғындарға сайлаудың жалпы мәліметі мен депутаттыққа үміткерлердің сайлауалды бағдаламасы толығымен түсіндірілді. Сонымен қатар жиынға қатысушылардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

0
0
127

Азаматтарға партиялық билеттер табысталды

Сайлауалды үгіт-насихат науқанында «Nur Otan» партиясының қатары белсенді азаматтармен толығып жатыр. Бүгін партия қатарына енген азаматтарға партиялық билеттер табысталды.

Аудандық мәслихат депутаты Қайнар Жұмағожа, партиялық бақылау кеңесінің мүшелері Тілеулес Ұзақов, Асыл Байтулақов саяси ұйымға жаңадан мүше болған Галижан Омирзаков, Эльмира Торгаева, Фарида Несипбаеваға партиялық билеттерін табыстап, сәттілік тіледі. Өз кезегінде аталған заматтар алдағы уақытта «Nur Otan»-мен бірге елдің дамуы жолында еңбек ететіндіктерін жеткізді.

0
0
132

Бүгін «Nur Otan» партиясы

«Мен партияға қосыламын» челленджін қолдау аясында партияға жаңадан қабылданған азаматтар мен азаматшаларға партиялық билеттері табысталды.

0
0
131