Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер С.Абдигуловтың онлайн кездесуі өтті.

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер С.Абдигуловтың «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалы төрағасы С. Сыздықовпен онлайн кездесуі өтті.Іс-шараның негізгі мақсаты халықты партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстыру.

"Nur Otan" партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру үшін, біздің ауданымызды өмір сүру үшін қауіпсіз әрі жайлы ету үшін барлық күш-жігерін жұмсайтын болады.

БІЗДІ ОРТАҚ МАҚСАТ – ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ БІРІКТІРЕДІ!

Қазақстандық отбасылардың әл-ауқаты негізгі басымдық болып табылады. Бұл үшін партия мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға ұмтылатын болады. Инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді индекстеу жүргізілетінін атап өткен жөн. Әлеуметтік көмек көрсетудің тәсілдерін біріздендіруге, оның ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірыңғай әлеуметтік кодексті әзірлеу жоспарда бар.

Сондай-ақ, ауданның барлық тұрғындарын Азаматтық белсенділік танытуға және 2021 жылғы 10 қаңтарда мақсаты елдің дамуы мен гүлденуі болып табылатын "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

Біз сіздің сеніміңізді бағалаймыз және бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

ПОСТ С ФБ

0
0
181

Осы тақырып бойынша

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер С.Абдигуловтың онлайн кездесуі өтті. - Yvision.kz