Жаңа
#𝐐𝐨𝐠𝐚𝐦𝐝𝐲𝐤𝐐𝐚𝐛𝐲𝐥𝐝𝐚𝐲𝐁𝐨𝐥𝐦𝐞𝐬𝐢 - ндегі кездесу
Бүгін аудандық сайлауалды штабтарының жанынан қоғамдық қабылдау бөлмесі әдеттегідей өз жұмысын бастап,тұрғындарды қабылдау жұмысы жүргізілді.
Қабылдау барысында кандидат Нұрбол Бисекенұлы "Nur Otan" партиясы Жылыой ауданының сайлауалды бағдарламасы бойынша тұрғындарға түсінік берді.
Мәслихат депутаттығына кандидаттар «Есіктен есікке» акциясы аясында ауыл тұрғындарының үйіне...
Мәслихат депутаттығына кандидаттар «Есіктен есікке» акциясы аясында ауыл тұрғындарының үйіне барып, үгіт-насихат материалдарын таратып, партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттады.
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидат Е.Үшкемпіров Аққайнар ауылы тұрғындарымен кездесті.
Үміткерлер көпбалалы аналармен кездесті
Аудандық сайлауалды штбаның төрағасы Қуаныш Исмагулов, орынбасары Әсел Қаржауова және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес хатшысы Гүлзада Саликова көпбалалы аналармен кездесу барысында әйелдерді әлеуметтік қолдау шаралары талқыланды.Олар көп балалы аналарға партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ауданның даму перспективалары туралы әңгімеледі.Сондай-ақ, 10 қаңтарда өтетін сайлауға келіп, өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетуге шақырды.

Тұрғын өтініші назарға алынды
Маңғыстау ауылының тұрғыны О.Мұхтарқызының сауалы бойынша аудандық "Nur Otan" партиясы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы өз отырысында қарап жауапты тұлғаларға тапсырма берді. Нәтижесінде 13-14.12.2020ж. Маңғыстау ауылы Бесшоқы, 22 орам көпқабатты үйлер маңында жүрген иесіз иттерді тиісті мекеме аулады. Ауылдастарымыздың қауіпсіздігіне алаңдап, жанашырлық танытқан О.Мұхтарқызының белсенділігіне рақмет айтамыз.
Тәуелсіздік мерекесі күні қарсаңында партия қатарына жаңадан қабылдау
"Құлан жолдары"ЖШС -нің жұмысшыларымен кездесу.
15 желтоқсан күні Т.Рысқұлов аудандық М. Өзбеков атындағы мəдениет үйінде аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар Н. Базарқұлов, М.Айнақұлов, А.Касеналиева, А.Баймуратова, С.Кулманов, М.Мейманханов, С.Далибаева "Құлан жолдары" ЖШС - нің жұмысшыларымен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты - партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, түсіндіру. "NUR OTAN" партиясының кешегі өткен съезі үлкен бастамаларды қолға алуды міндеттеп берді. Бұл міндеттелген 4 басымдық партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі ұстанымдары. Партия қай кезде болмасын əлеуметтік саясатты басты назарда ұстайды, халық үніне құлақ түреді. Алдағы кезеңде де осы басымдықтармен халық игілігі үшін жұмыстар жүргізіледі"-деп аудандық мəслихат депутаттығына кандидат А.Баймуратова қатысушыларға сайлауалды бағд…
"Nur Otan" партиясының сенімді өкілдері Екпін ауылында "Есіктен есікке" акциясын өткізді.
"Nur Otan" партиясының сенімді өкілі мен белсенділер Екпін ауылында "Есіктен есікке" акциясын өткізді. Акция барысында олар ауыл тұрғындарын "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерімен таныстырып, дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды, әрбір дауыс біз үшін маңызды!
Бүгін біз үшін ерекше күн – біздің кәсіби мерекеміз, Энергетиктер күні!
МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!Бүгін біз үшін ерекше күн – біздің кәсіби мерекеміз, Энергетиктер күні!Бүгінгі мереке өмірін тек энергетика саласымен байланыстырған адамдарды құрметтеуге ғана арналмайды, сонымен қатар бұл – энергетиктер буыны атқарған жұмыстарды жоғары бағалау. Бұл – еліміздің энергетикалық кешенін құруға және қызмет көрсетуге өз өмірін арнаған адамдар мерекесі.Бұл сала біздің еліміздің экономикасының флагманы болып табылады. Сондықтан әрқашан энергетика саласында әріптестері арасында жоғары құрметке ие және жоғары қоғамдық мәртебеге ие жоғары білікті мамандар жұмыс істеді.Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев энергетиканың дамуына аса көңіл бөледі, себебі экономиканың барлық басқа салаларының өмірге икемділігі, үйдегіжайлылық, жылулық және жарық энергетикаға байланысты.…