Маңғыстау ауылында мүмкіндігі шектеулі азаматтармен тоғыз құмалақтан турнир өтті
«Nur Otan» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында, Халықаралық мүгедектер күніне орай Маңғыстау ауылы, Бесшоқы т/м мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында тоғыз құмалақтан турнир өтті. Ізеттілік пен қайырымдылыққа негізделген мереке аясында ой өрісі мен ойлау қабілетін дамытуға үлесі зор ойын түрінің қазіргі даму деңгейі жоғары екенін атап өткен жөн, көптеген халықаралық турнирлерде еліміздің көк туын биікке желбіретіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізуде.
