"Nur Otan" партиясының сенімді өкілінің кездесуі өтті.
"Nur Otan" партиясының сенімді өкілі З.К. Сатекова Ақтоғай ауылы тұрғындары Қасымов Серікбай мен оның жары Сауырбаева Мариям Мақамбайқызы үйінде болып, әңгімелесті. Бақыт деген бес әріп-адам баласына тілеген бар жақсылық атаулы осы бір сөзге сыйғандай, бата –тілектің алтын сандығы. Саналы ғұмырында ақ бата мен алғысқа бөленген, халық құрметтеген жандардың бірі. Қасым ақсақалдың атын атандырып, қара шаңырақтың түтінін түтетіп отырға Серікбай 1948 жылы Аманкелді ауылдық кеңесінің (Қазіргі Шабанбай би ауылдық округі) Ақтұмсық ұжымшарында дүниеге келген. Табиғатынан тынымсыз,тиянақты, сыныққа сылтау іздеуді білмеген, ашығын айтатын айтатын мәрт мінезді Серікбайдың өмірдегі бірегей бетбұрысы өзі туып өскен қазіргі Шабанбай би ауылынан бастау алып, еңбек жолын 1966 жылы Қаратал кеншарында механизатор болып бастаған. Күнге күйіп, шағырмақ суықта шыңдалған ауыл баласы бірер жылда-ақ жарқырап көзге түсті. 1971 жылы Долинка кентіндегі кеңшар-техникумын бітірген соң өз ауылында мастер-баптаушы, механник, МТМ меңгерушісі болып жалғастырған. 1977-1982 жылдар аралығында Қаратал кеңшарында бас инженер-механник, 1982-1987 жылдары Еңбек кеншарында бас инженер-механик.1987 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, жоғарғы білім алған. 1987 жылы Қызыларай кеншарында партия комитетінің хатшысы,1988-1992 жылдар аралығында сол кеншардың директоры лауазымында қызмет атқарған. 1993-97 жылдар аралығында Еңбек ұжымдық кәсіп орнының төрағасы, 1992-2004 жылдары Қараменде би ауылдық округінің әкімі. 2004-2006 жылдар аралығында аудан әкімі аппараттың Төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман, 2006-2010 жылға дейін Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарып зейнеткерлікке шыққан.Аудандық партия комитетінің пленум мүшесі, ауылдық кеңестердің бірнеше дүркін депутаты болып сайланған. Облыстық, аудандық партия комитеттерінің құрмет грамотасымен, алғыс хаттарымен марапатталған. «Еңбек үздігі» төсбелгісінің иегері.
Сұхбат кезінде Серікбай ақсақал ауыл, аудан көлемінде ел игілігі үшін жасалған оң өзгерістерді көріп отырғанын айтып, әсіресе жолдардың жөнделуі, ауыл аралық қатынастың жақсаруына ерекеше қуанатынын жеткізді және де «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасы қиындықтарды еңсеріп, жеңіске бірге жетуді көздеген бағдарлама екенін айтып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. #NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
ПОСТ С ФБ
