Ертеңіміз бен бүгініміз бір Көшбасшымен
«Jas Otan» жастар қанатының белсенділері Бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен дебат турнирін өткізді. Кездесуді «Jas Otan» ЖҚ өкілі Ахмад Каимов жүргізді.
Жастар «Ертеңіміз бен бүгініміз бір Көшбасшымен» тақырыбында пікір алмасып, мағыналы дискуссия өткізді. Диас Ахметов Тәуелсіз Қазақстанда туып-өскеніне мақтанатынын және туған елінің дамуына үлес қосуға дайын екенін жеткізді.
Альбина Иванова замандастарына арнап мемлекеттік тілді үйренуге арналған оқыту курстарын жүргізуді жоспарлайтынын айтты.
— Біз бейбіт, күннен-күнге көркейіп келе жатқан елде тұрып жатырмыз. Осының барлығы — Елбасымыздың арқасында, — деді Альбина. — Менің курстарымның қатысушылары көп болады деп сенемін және замандастарыма мемлекеттік тілді меңгеруге көмектесуге дайынмын.
«Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық сайлауалды штабының баспасөз қызметі.
