Жаңа
Біртұтас ұлт
Елбасы, «Nur Otan» партиясының Лидері Қазақстанда қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің бірегей моделін қалыптастырды.
Біз қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайту саясатын жалғастырамыз. Партия Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, азаматтық бірегейлікке, тамыры терең тарихымызды, ұлттық мәдениет пен рухани дәстүрлерді сақтау мен дамытуға негізделген қазақстандық патриотизмді дамытады. Әрбір адамның азаматтық жауапкершілігін күшейте отырып, этникалық, діни, нәсілдік, тілдік және гендерлік негіздегі кемсітушіліктің кез келген көрінісінің жолы кесіледі.
Елбасы бағдарының сабақтастығын сақтай отырып, «Nur Otan» қоғамда, әсіресе оқушы жастар арасында, барлық азаматтардың бірін-бірі құрметтеу және теңдік құндылықтарын дамыту мен бекітуді жалғастырады. Біз проблемаларды ерте анықтау және олардың алдын алу үшін этносаралық саясатты сараптама тұрғысынан күшейтеміз. Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында жыл сайын жетекші отандық және халықаралық сарапшыларды қатыстыра отырып, этносаралық қатынастар және ұлт бірлігін нығайту мәселелері бойынша Жалпы республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.
Мемлекетіміздің зайырлы болуы – Қазақстанның табысты дамуының маңызды шарты. Біз барлық діндердің өзара сыйластығы мен теңдігін қолдау бағытын сақтаймыз. Елбасы бастамашылық еткен және бүкіл әлем мойындаған дінаралық және өркениетаралық диалог алаңы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамыту жалғасын табады. Мемлекеттік тіл этносаралық қатынас тіліне және барлық азаматтар үшін біріктіруші факторға айналады. Білім беру жүйесінің барлық деңгейінде мемлекеттік тілді оқыту тәсілдері жаңартылады. Қазақ тілі әліпбиі латын графикасына кезең-кезеңімен сапалы түрде көшіріледі.
Қандастарды қолдау Біз елден тыс жерлерде тұрып жатқан этникалық қандастарымызбен рухани-мәдени, ғылыми-білім беру байланыстарын дамытатын боламыз. Қандастардың шет елдердегі мәдени, гуманитарлық, тілдік, ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ олар тұрып жатқан елдерде мәдениетімізді дамыту мақсатында Абай орталықтарының желісі кеңейеді.
Бұл орайда «Отандастар» қорының, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының және Қазақстанның шетелдердегі өкілдіктерінің мүмкіндіктері пайдаланылады. Қазақстанға тұрақты тұру үшін көшуді мақсат еткен отандастарға қолайлы жағдай жасалады, ақпараттық-құқықтық қолдау, оқу, әлеуметтік бейімделу және қазақстандық қоғамға сіңісу бойынша көмек көрсетіледі.
2020 жылы 16 желтоқсанда қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар канвассинг өткізді.
2020 жылы 16 желтоқсанда қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Саран қаласындағы көпбалалы отбасылардың пәтерлеріне барып, канвассинг өткізді. Канвассинг барысында оларды ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтап, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді.
Сондай-ақ, отбасының кәмелетке толған мүшелерін 2021 жылдың 10 қаңтарында азаматтық белсенділік танытып, мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Бүгінгі таңда қала тұрғындары «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.
Біз Сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

Жаныма жайлы кітаптар!
Қандай жағдай болмасын, кітап оқу ең жақсы емші,ермек,жұмыс, білім💛 Карантинда әлемді аралап,қалаға бара алмасақта, қиялдап кейіпкерлермен бірге өткенге барып қайтайық. Сондықтан, тик-токта отыра бермей, хотя бы арасында кітап оқыңдар.
Жазғы atmospheric беріп, үйде терезе алдында оқитын кітаптарды айтқым келеді.
1. Рэй Брэдбери - Вино из одуванчиков (Брэдберидің бүкіл кітабы шынайы ертегі мен аңыз 😭😭😭)
2. Джейн Остин - Гордость и предубеждение (махаббат қой баяғы🤢, бірақ бұл оқиға erekshe😍)
3. Э.Хемингуэй- Старик и море (кімге классика ұнайды, пожалуйста)
4. Агата Кристи- Убийство в Восточном Экспрессе (детектив оқимын десеңдер, ваще Агатаның барлық кітабы жақсы, қорықпай оқи беріңдер)
5.Марк Твен - Журналистика в Теннесси (күлкіден өлгем,қысқа әрі қызық😂)
P.S барлығы әр-түрлі жанрда😋
Жауапты азаматтық қоғам
Ел дамуының аса маңызды факторларының бірі – ортақ мүдде жолында біріккен азаматтардың белсенділігі.
Біз қоғамдық сараптама мен бақылау жүргізуді, азаматтық бастамалар мен онлайн-петицияларды дамытуды көздейтін «Қоғамдық бақылау туралы» заңды қабылдаймыз. Қайырымдылық туралы заң әзірленеді. Заңда оның тартымдылығы мен іске асуының ашықтығы қамтылады.Жауапты азаматтық қоғам – демократиялық дамудың және мемлекеттік басқару тиімділігінің негізгі факторы.
Партиямыз «Жауапты азамат – Жауапты қоғам – Жауапты мемлекет» формуласы негізінде жалпыға бірдей жауапкершілік тұжырымдамасын ұсынады. «Nur Otan» партиясы ел дамуының өзекті міндеттері мен мәселелерін шешуге азаматтық белсенділерді тартып, барынша жұмылдырады. Квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құрылатын болады. Оның құрамына азаматтар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар да тартылады.
Біз еріктілер қозғалысын дамытуды қолдаймыз. Волонтерлік тәжірибе студенттік практикаға, жұмысқа қабылдау және кәсіби өтілін есептеу кезінде ескеріледі. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп, ол келесі қадамдарды қамтиды:ауыл әкімдерінің тікелей сайлануын енгізу; ауыл әкімдерінің сайлаушылар алдындағы есептілігі; «халықтың қатысуы» бюджетін енгізу; жергілікті салықтар мен төлемдердің ставкаларын өзгерту құқығы; жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін азаматтардың бақылауы.
Сайлаушылармен кездесті
Бүгін Nur Otan партиясы Тасқала аудандық филиалынын партиялык бақылау комиссиясы және сайлауалды штаб мүшелері аудан орталығында мекеме қызметкерлерімен және такси жүргізушілерімен алда болатын сайлауға әзірлік аясында кездесулер өткізді. Кезлесу барысында әлеуметтік желілердегі жүргізіліп жатқан насихат жұмыстары жөнінде нақты түсінік берілді. Өз кезегінде сайлаушылар өз ұсыныстарын жеткізді. Мәселен, Бірлік ауылында электр желісінің төмен кернеумен берілетіндігі тілге тиек етілді. Ол ұсыныстар тиісті қызмет орындарына жеткізілетін болады.
Әділетті құқық қорғау жүйесі
Конституцияда кепілдік берілген адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру – партияның басты міндеті.
Құқық қорғау органдары азаматтардың заңды мүдделеріне қызмет етуі қажет, халық үшін ашық әрі қолжетімді болуы тиіс. Полиция және прокуратура органдарында жұмыстың «сервистік» моделі енгізіледі. ІІМ, Бас прокуратураның аумақтық бөлімшелерінің басшылары халықпен ашық диалог құра отырып, жыл сайын есеп беру кездесулерін өткізеді. Құқық қорғау органдарының өкілеттіктері келесі қағидат бойынша нақты бөлінеді: полиция қылмыстарды анықтайды, прокурор тергеу шешімдерін қабылдайды және құқықтық баға береді, сот істі қарайды және түпкілікті шешім шығарады. Жергілікті полиция қызметінің жұмысында «полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидаты енгізіледі. Учаскелік полицейлер өзіне тән емес функциялардан босатылады.
Жалақыны арттыру, жергілікті полицияның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жақсарту, тұрғын үй жалдау үшін өтемақы алуға лауазымдар санатын кеңейту жөнінде шаралар қабылданады. Пенитенциарлық мекемелер мен полицияның барлық ғимараттары бейнебақылаумен, ал қызметкерлер бейнетіркегіштермен жарақтандырылады. Бейнебақылау мен бейнетіркегіштерді мақсатты түрде өшіргені үшін қызметкерлер жауапкершілікке тартылады. Қылмыстық-атқару жүйесінде сотталғандарға арналған бейнекездесулер, электронды дүкендер, прокуратураға, соттарға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке шағым беруге арналған терминалдар енгізіледі.
Пенитенциарлық жүйені халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында түзеу мекемелерін қайта жаңарту, қамаудағыларды ұстау және еңбек жағдайларын өзгерту жалғасады. Түзеу мекемелеріндегі медицина қызметкерлерінің жалақысы артады, тұрғын үй жалдағаны үшін өтемақы көзделеді. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ірі елді мекендерде бейнебақылау жүйесін енгізу жалғасын табады, сондай-ақ жұртшылықты құқықтық тәртіпті қорғауға тарту бойынша шаралар қабылданады. Азаматтар мобильді қосымшалар мен чат-боттар арқылы полиция, прокуратура органдарымен және соттармен жедел байланысатын болады.
Құқық қорғау қызметтерінің тәуелсіз аудиті енгізіледі. Сот жүйесіне жаңа кәсіби кадрлар тартылып, алқабилерге кандидаттарды іріктеу тәртібі өзгертіледі. Жоғары Сот Кеңесі саяси автономды органнан судьялық өзін-өзі басқару институты ретінде қайта құрылады. Судьялардың жұмысына жасанды интеллект енгізу, «Сот смарт-аналитикасы» жүйесін іске асыру жалғасады. Медиация институтын дамыту жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындалады. Халыққа кепілдендірілген мемлекеттік құқықтық көмектің көлемі 2 есеге ұлғайтылады.
Азаматтарға қызмет ететін мемлекет
Мемлекет пен қоғамның сенім, өзара жауапкершілік, әріптестік, ашықтық және есептік қағидаттары негізіндегі ынтымақтастығы – елдің тұрақты да үдемелі дамуының басты кепілі.
Азаматтардың өмірін жақсартуға, заңның үстемдігін, мемлекеттің транспаренттілігі мен есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысы – ұлт бірлігінің негізі.
АЗАМАТТАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН МЕМЛЕКЕТ Біз азаматтар мен мемлекет арасында кері байланыс орната отырып, мемлекеттік аппаратты сапалы түрде трансформациялауды жалғастырамыз. Сайлауалды уәделерді тиімді іске асыру және мониторингілеу үшін партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы жалғасады, кері байланыстың онлайн құралдары кеңейеді, партиялықтармен өзара қарым-қатынастың жаңа заманауи форматтары енгізіледі. Партияның заңнамалық қызметі қазақстандықтардың өтініштерін жүйелі талдауға негізделеді.
Елбасының 5 институционалдық реформасына және Президент Қ.К. Тоқаевтың «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жалғасын табады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік сектор қызметкерлерінің санын 25%-ке қысқарту жұмысы жалғасады. Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы бастамашылыққа және заманауи тәсілдерді енгізуге бағытталады. Мемлекеттік органдар жұмысы тиімділігінің негізгі көрсеткіші аралық процесс емес, халықтың әл-ауқатының артуы, өңір мен саланың дамуы түріндегі түпкі нәтиже болады. Талантты жастарды қолдау үшін Президенттік және партиялық кадр резервіне іріктеу практикасы жалғасады. Нақты міндеттерді шешуге бір салаға бейімделген мамандарды жеңілдетілген негізде тарту үшін келісімшарттық қызметшілер институты енгізіледі. Мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық базалары әрбір азаматтың цифрлық бейінін жасай отырып, бірыңғай жүйеге интеграцияланады.
Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтер 100% автоматтандырылады және электрондық форматқа ауыстырылады, ал көп сұранысқа ие қызмет түрлері проактивті түрде болады. Азаматтар барлық мемлекеттік қызметтерді бір терезеден ала алатын болады. ХҚКО-лар жұмысы қызметтерді электрондық түрде өз бетінше алуға азаматтарға онлайн-кеңес беретіндей түрде қайта бағдарланады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін барлық мемлекеттік органдарға электронды түрде сұрау жолдауға мүмкіндік беретін «е-Өтініш» жүйесі құрылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте басты міндет – қоғамда заңсыздыққа қарсы ортақ түсінік пен құқықтық сананы қалыптастыру, мемлекет пен қоғамды осы әлеуметтік дертпен күреске жұмылдыру. 2025 жылға дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі партиялық бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, ақпаратқа қол жеткізу туралы, Қоғамдық кеңестер туралы заңдар қабылданды, мемлекеттік қызметтердің 80%-нен астамы автоматтандырылды, сот отырыстарының барлық залдары аудио және бейнетіркеу жүйелерімен жарақтандырылды. Біз осы бағдарламаны іске асыруды жалғастырамыз және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын одан әрі арттыруды, азаматтардың құқықтарын қорғауды, сонымен қатар шағын және орта бизнесті қолдау шараларын кеңейтуді қамтамасыз етеміз. Біз азаматтардың заңды құқықтарын қорғау және халықтың құқықтық сауаттылығын түбегейлі арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. Ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін азаматтардың мемлекеттік шешімдерді әзірлеу, қабылдау және оларды іске асыру процесіне қатысуы заңнамалық түрде қарастырылады.
Сыбайлас жемқорлық факторларын анықтау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторларда нормативтік актілер мен жұмыс процестеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау жүргізіледі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ықтимал квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шеңбері кеңейтіледі. Саяси қызметшілердің, судьялардың, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ пара берушілер мен парақорлыққа делдал болған тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілігі күшейеді. Мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, судьялар үшін шетелдік банктерде ақшасының және басқа да құндылықтарының болуына шектеу енгізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа тартылған тұлғаларға өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуге тыйым салынады. Жемқорлықпен айыпталған тұлғалардан тәркіленген барлық қаражат әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалады. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар бойынша мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығу алынып тасталынады, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарға заңнамалық қорғау қамтамасыз етіледі. 100% электрондық кедендік декларациялау, басым транзиттік бағыттар бойынша кеден пункттерін жаңғырту және автоматтандыру, кедендік ресімдеу уақытын 5 есеге қысқарту қолға алынады. Халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жұмылдыру үшін тәуелсіз интернет-алаң құрылады.
Тәуелсіздік баға жетпес байлық!
Аудандық ПБК рейд
Партиялық бақылау комиссиясы мүшесі Сарысу селолық клубына рейд жүргізді. Сарысу клуб үйін биыл күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Абаттандыру жұмыстары толығымен жоспар бойынша жүріп жатыр.