Сайлаушылармен кездесті
Бүгін Nur Otan партиясы Тасқала аудандық филиалынын партиялык бақылау комиссиясы және сайлауалды штаб мүшелері аудан орталығында мекеме қызметкерлерімен және такси жүргізушілерімен алда болатын сайлауға әзірлік аясында кездесулер өткізді. Кезлесу барысында әлеуметтік желілердегі жүргізіліп жатқан насихат жұмыстары жөнінде нақты түсінік берілді. Өз кезегінде сайлаушылар өз ұсыныстарын жеткізді. Мәселен, Бірлік ауылында электр желісінің төмен кернеумен берілетіндігі тілге тиек етілді. Ол ұсыныстар тиісті қызмет орындарына жеткізілетін болады.
