Сайлауалды бағдарламаны түсіндірді
«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалынан облыстық мәслихатқа ұсынылған үміткерлер Қалыйма Жантөреева, Баймахан Сүлейменов, Мұрат Садуов, Насиба Атаева, Данияр Юнусалиев, Марина Лимаренко, Жанат Тоғайбекова әлеуметтік желілер арқылы сайлаушылармен кездесті.
Онлайн өткен басқосуда сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
