Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қалалық штаб мүшелерінің Yessenov University ұжымымен кездесуі

“ Nur Otan” партиясы Ақтау қалалық филиалының желілік кестеге сәйкес, үгіт-насихат кезеңі аясында қалалық штаб мүшелері Yessenov University ұжыммен кездесті.

Маңғыстау облыстық және қалалық депутаттыққа үміткерлер Ахметов Берик, Әбдісадық Ғани, Ермек Нұрмағанбет және Сыражанов Ерген жиналғандарға "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Сондай-ақ бағдарлама Ақтау қаласы мен жалпы өңірді дамытуға бағытталғанын да атап өтті. Сайлауалды штаб мүшелерінің айтуынша, бағдарламада облыс пен қаланың қарқынды дамуы үшін нақты шаралар ұсынылған

"Nur Otan " партиясы жыл сайын жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге бағытталған республикалық партиялық жобаларды іске асыруда. Осы ретте, жиынға қатысушылар студент жастардың шығармашылық және зияткерлік әлеуеттін іске асыру мақсатында қолайлы жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, қалалық штаб мүшелері бірлесе жұмыс жасап, пікір алмасуға дайын екендіктерін жеткізді.

0
0
104

Осы тақырып бойынша

Қалалық штаб мүшелерінің Yessenov University ұжымымен кездесуі - Yvision.kz