Республикалық штаб мүшелері Арыста 3 кездесу өткізді
"Nur Otan" партиясының республикалық сайлауалды штабының өкілдері Арыс қаласында кездесулер өткізіп, жұртшылыққа сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.
Алдымен қалалық мәдениет үйінде жиын өтті. Республикалық штаб мүшесі, "Егемен Қазақстан" газетінің басшысы Дархан Қыдырәлі партияның нақты істерді жоспарлағанын айтып, ел бірлігінің маңызды екеніне тоқталды. Сонымен бірге қалалық ауруханада өткен кездесуде партия тарапынан медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыруға ықпал етілетіні айтылды.
Жалпы Арыстағы кездесулер жоғары деңгейде өтіп, тұрғындармен еркін диалог орнатылды.
