Мазмұнға өту

Жаңа

Төсқайың ауылындағы кездесу.

Төсқайың ауылындағы кездесу.

Ауданның бекітілген желілік кестесіне сәйкес 2020 жылдың 18 желтоқсаны күні Төсқайың ауылдық клубында  «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Т.Айкенов және сенімді өкіл Ж.Юсупов кездесу  өткізді. Кездесуде «Nur Otan» партиясының Күршім ауданы бойынша 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасымен Т.Айкенов, Ж.Юсупов таныстырды. 

Кездесу соңында ауыл тұрғындары: Төсқайың ауылында спорт залы футбол алаңы салынса және Бұғымүйіз ауылының жолы, Шанағаты ауылындағы көпірлерге жөндеу жұмыстары өтсе деген ұсыныстарын айтты.

0
0
194

Мерей Советұлы Ақжар ауылдық округіне кітапханасына барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

"Nur Otan" партиясы Тарбағатай аудандық мәслихатына үміткер Мерей Советұлы Ақжар ауылдық округіне кітапханасына барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кітапхана қызметкерлерімен көзбе-көз тілдесе отыра, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырып, алға қойған жоспарларымен бөлісті.

0
0
145

Тұрғындармен ашық диалог өтті

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында халықпен ашық диалог орнатып,  20 жылдан аса тарихы бар еліміздің жетекші партиясының күні бүгінге дейін атқарған жұмыстары туралы сөз етілді. Сондай-ақ, партияның  саяси күш ретінде мемлекетіміздің дамуы жолында, оның ішінде әр өңірдің әлеуетін арттырудағы оң бастамаларын жеткізіп, партияның басты міндеттерінің бірі елдің, халықтың сенімін ақтау екенін айтып өтті.

Сондай-ақ еркін форматта өткен бұл кездесуде сайлаушыларға сайлауалды бағдарламада көрсетілген негізгі 7 басымдыққа топтастырылған бағдарламаны түсіндіре отырып, екі жақты пікір алмастық.

Кездесу барысында сайлаушылар өз ауылдарына қатысты көкейкесті мәселеріне қатысты  тұщымды жауаптар алды.

0
0
160

Бүгін мәжіліс депутаттығына үміткер Казахбаев Оспан жас буын өкілдерімен экспромт кездесу өткізді.

Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «Nur Otan» партиясы еліміздегі басты саяси күшке айналды. Осы жылдары партия ішкі тұрақтылықтың тірегі болып, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай жұмыс істеп келеді.»

Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді. Жас буын өкілдерімен өзекті мәселелерін талқылап пікір алмасты. Партия үшін жас ғалымдардың орныәрдайым алдыңғы орында тұрады.

0
0
180

Nur Otan сайлауалды штабы Түркістанға келді

60-қа жуық партия белсендісі, қоғамдық пікір көшбасшылары мен партиялық тізімдердегі кандидаттар өңір аумағының жартысынан астамын қамти отырып, бірнеше кездесу өткізді. Оның ішінде аграршылармен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, ерекше қажеттіліктері бар адамдармен және басқа да азаматтармен жүздесті.

Көпбалалы аналармен кездесу барысында әйелдерді әлеуметтік қолдау шаралары талқыланды. Нұротандықтар басқосуда көтерілген мәселелерді тыңдап, бақылауға алды.

«Біздің сайлауалды бағдарламамызда әйелдердің жан-жақты дамуына жағдай жасауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесуге, сондай-ақ ана мен баланы қорғауға баса мән берілген. Бұл үшін бүкіл ел көлемінде Отбасын қолдау және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары желісі құрылады.  Қиын жағдайға тап болған отбасыларға атаулы көмек көрсету күшейтіліп, жыл сайын ЭКО жасауға 7 мың квота бөлінеді», - деп атап өтті Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек.

Кентау қаласында тұрғындармен кездесуде ауылдарды газдандыру, ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандар салу және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері көтерілді.

Партиялықтардың айтуынша, азаматтарды толғандырып жүрген көптеген мәселелер «Nur Otan»-ның сайлауалды уәделерінде көрініс тапқан.

Атап айтқанда, партия өңірлерде 50 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын құрып, 125 мың жұмыс орнын ашуға жағдай жасайды. Үш ауысымды және апатты мектептерді жою үшін 12 жаңа мектеп салынады, сондай-ақ ауыл тұрғындары үшін 14 жаңа аурухана мен емхана құрылысы жүргізіледі. 60-тан астам елді мекеннің 150 мыңнан астам тұрғынының ауыз суға қолжетімділігі қамтамасыз етіліп, 200 мыңдай тұрғыны бар 90-нан астам ауыл газдандырылады және т.б.

Сонымен қатар, Түркістан облысының зиялыларымен кездесуде мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті ары қарай дамыту жайы әңгіме арқауына айналды.

Ақсақалдардың сұрақтарына жауап бере отырып, билеуші партия Төрағасының бірінші орынбасары Nur Otan жердің шетелдіктерге сатылуына жол бермейтінін баса айтты. Сонымен қатар, партия қазақ тілінде білім беретін мектептер мен балабақшаларды көбейтуге, мемлекеттік тілдің барлық салада қолданылуын кеңейтуге ықпал етпек. Сондай-ақ дәстүрлі мәдениет пен ұлттық спорт түрлеріне қолдау көрсетуді жалғастыра береді.

Ертең құрамы қоғамдық пікір көшбасшылары, партия белсенділері және партиялық тізімдердегі кандидаттардан құралған 400-ге жуық адам кіретін «Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Шымкент қаласына барады.

216 өңірлік сайлауалды штаб жұмысына еліміздің 7 мыңдай белгілі де беделді азаматтары жұмылдырылған. Олардың қатарында праймериз жеңімпаздары, қоғам қайраткерлері, қызметтегі депутаттар және тағы басқа белгілі азаматтар бар. Онлайн-технологияларды ескерсек, жалпы іс-шаралар кемінде 9 миллионнан астам қазақстандықты қамтиды

0
0
160

Мерей Советұлы Ақжар ауылдық округінде "Шәмшия " шаруа қожалығына барып "ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ" өткізді

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Мерей Советұлы Ақжар ауылдық округінде  "Шәмшия " шаруа қожалығына барып  "ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ" өткізді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, тұрғындардың түрлі сұрақтарына жауап берді.

0
0
179

Мерей Советұлы ауданымызда "Есіктен есікке" акциясын өткізді.

"Nur Otan" партиясы Тарбағатай аудандық мәслихатына үміткер Мерей Советұлы ауданымызда "Есіктен есікке" акциясын өткізді. Акция барысында ауыл тұрғындарын "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып,  дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды, әрбір дауыс біз үшін маңызды!

0
0
195