Мазмұнға өту

Жаңа

Төсқайың ауылындағы кездесу.

Төсқайың ауылындағы кездесу.

Ауданның бекітілген желілік кестесіне сәйкес 2020 жылдың 18 желтоқсаны күні Төсқайың ауылдық клубында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Т.Айкенов және сенімді өкіл Ж.Юсупов кездесу өткізді. Кездесуде «Nur Otan» партиясының Күршім ауданы бойынша 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасымен Т.Айкенов, Ж.Юсупов таныстырды.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары: Төсқайың ауылында спорт залы футбол алаңы салынса және Бұғымүйіз ауылының жолы, Шанағаты ауылындағы көпірлерге жөндеу жұмыстары өтсе деген ұсыныстарын айтты.

0
0
178

Мерей Советұлы Ақжар ауылдық округіне кітапханасына барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

"Nur Otan" партиясы Тарбағатай аудандық мәслихатына үміткер Мерей Советұлы Ақжар ауылдық округіне кітапханасына барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кітапхана қызметкерлерімен көзбе-көз тілдесе отыра, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырып, алға қойған жоспарларымен бөлісті.

0
0
127

Тұрғындармен ашық диалог өтті

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында халықпен ашық диалог орнатып, 20 жылдан аса тарихы бар еліміздің жетекші партиясының күні бүгінге дейін атқарған жұмыстары туралы сөз етілді. Сондай-ақ, партияның саяси күш ретінде мемлекетіміздің дамуы жолында, оның ішінде әр өңірдің әлеуетін арттырудағы оң бастамаларын жеткізіп, партияның басты міндеттерінің бірі елдің, халықтың сенімін ақтау екенін айтып өтті.

Сондай-ақ еркін форматта өткен бұл кездесуде сайлаушыларға сайлауалды бағдарламада көрсетілген негізгі 7 басымдыққа топтастырылған бағдарламаны түсіндіре отырып, екі жақты пікір алмастық.

Кездесу барысында сайлаушылар өз ауылдарына қатысты көкейкесті мәселеріне қатысты тұщымды жауаптар алды.

0
0
145

Бүгін мәжіліс депутаттығына үміткер Казахбаев Оспан жас буын өкілдерімен экспромт кездесу өткізді.

Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «Nur Otan» партиясы еліміздегі басты саяси күшке айналды. Осы жылдары партия ішкі тұрақтылықтың тірегі болып, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай жұмыс істеп келеді.»

Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді. Жас буын өкілдерімен өзекті мәселелерін талқылап пікір алмасты. Партия үшін жас ғалымдардың орныәрдайым алдыңғы орында тұрады.

0
0
165

Nur Otan сайлауалды штабы Түркістанға келді

60-қа жуық партия белсендісі, қоғамдық пікір көшбасшылары мен партиялық тізімдердегі кандидаттар өңір аумағының жартысынан астамын қамти отырып, бірнеше кездесу өткізді. Оның ішінде аграршылармен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, ерекше қажеттіліктері бар адамдармен және басқа да азаматтармен жүздесті.Көпбалалы аналармен кездесу барысында әйелдерді әлеуметтік қолдау шаралары талқыланды. Нұротандықтар басқосуда көтерілген мәселелерді тыңдап, бақылауға алды.«Біздің сайлауалды бағдарламамызда әйелдердің жан-жақты дамуына жағдай жасауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесуге, сондай-ақ ана мен баланы қорғауға баса мән берілген. Бұл үшін бүкіл ел көлемінде Отбасын қолдау және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары желісі құрылады. Қиын жағдайға тап болған отбасыларға атаулы көмек көрсету кү…

0
0
146

Мерей Советұлы Ақжар ауылдық округінде "Шәмшия " шаруа қожалығына барып "ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ" өткізді

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Мерей Советұлы Ақжар ауылдық округінде "Шәмшия " шаруа қожалығына барып "ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ" өткізді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, тұрғындардың түрлі сұрақтарына жауап берді.

0
0
168

Мерей Советұлы ауданымызда "Есіктен есікке" акциясын өткізді.

"Nur Otan" партиясы Тарбағатай аудандық мәслихатына үміткер Мерей Советұлы ауданымызда "Есіктен есікке" акциясын өткізді. Акция барысында ауыл тұрғындарын "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды, әрбір дауыс біз үшін маңызды!

0
0
181