Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Төсқайың ауылындағы кездесу.

Төсқайың ауылындағы кездесу.

Ауданның бекітілген желілік кестесіне сәйкес 2020 жылдың 18 желтоқсаны күні Төсқайың ауылдық клубында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Т.Айкенов және сенімді өкіл Ж.Юсупов кездесу өткізді. Кездесуде «Nur Otan» партиясының Күршім ауданы бойынша 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасымен Т.Айкенов, Ж.Юсупов таныстырды.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары: Төсқайың ауылында спорт залы футбол алаңы салынса және Бұғымүйіз ауылының жолы, Шанағаты ауылындағы көпірлерге жөндеу жұмыстары өтсе деген ұсыныстарын айтты.

0
0
160

Осы тақырып бойынша

Төсқайың ауылындағы кездесу. - Yvision.kz