Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша кезекті кездесу өтті.
2020 жылдың 18 желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясының Күршім аудандық сайлауалды штабының төрағасы М.Қалелов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, штаб мүшесі Б.Нурумованың қатысуымен Күршім ауылындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығында «Nur Otan» партиясының Күршім аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді. Кездесу барысында аудан дамуының 7 басымдығына талдау жасалып, жекелеген сұрақтарға жауап берілді.
