Жаңа
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!
16- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күніне орай партия билеттері табысталды
"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмысы жалғасуда
Төмендегі сілтеме арқылы эфирді көре аласыз.
"Nur Otan" партиясының Бұланды аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде
"Nur Otan" партиясының Бұланды аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдауды "Nur Otan" партиясының партиялық тізімдеріне енген кандидаттар, сондай-ақ партияның сенім білдірген адамдары 2020 жылғы 11 желтоқсаннан 2021 жылғы 8 қаңтарға дейін жүзеге асырады. Елде коронавирустың таралуын болдырмауға бағытталған шектеу шараларының енгізілуіне байланысты қабылдаулар онлайн форматта өткізіледі.
Көрсетілген байланыс телефондары бойынша қабылдауға алдын ала жазылуды сұраймыз:
Call-центр: 8 (71646) 2 38 47, whatsapp:87781221146.
Жылыой ауданында Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық коледжі жатаханасы ашылуы
Жатахана толықтай жаңа жиһаздармен, төсек орынмен, сонымен қатар тоңазытқыш, теледидар, бейнекамера, студенттерге арналған кітапхан залы, асхана, демалыс залы, сыртқы демалыс орны және салауатты өмір салтын ұстану мақсатында спорттық алаң салынған.
Жатақхана сондай-ақ толықтай жылу жүйесімен, электр энергиясымен, ыстық және салқын суымен толық қамтамасыз етілген. ⠀
Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов салтанатты рәсімнің ашылуымен құттықтады. ⠀
-Бүгін біз үшін ерекше күн. Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының арқасында Сафи Өтебаев атындағы колледждің жаңа жатақханасын ашып жатырмыз. Осы қуанышпен бәріңізді құттықтаймын! Енді студенттеріміз келешекте жақсы оқып, жақсы маман болып шығып, тау шыңынан көрінсе біз соған қуанамыз. ⠀Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толымды табыс тілеймін,- деді Халел Жамалов.
Жаңа жатақхананың символикалық кілтін «Оңдасын Строй» ЖШС-нің бас инженері Ақан Нұрахметұлы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің директоры Марат Ибраевқа табыстады. ⠀
Сонымен бірге аудан әкімі Халел Жамалов ардагер ұстаз Хазен Бухиевпен бірге ғимараттың тұсаукесер лентасын қиды.
Үгіт-насихат Амангелді ауданында жалғасуда
Амангелді ауданы "NurOtan" партиясы атынан Қостанай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Тлеубаев Бахытжан Наменұлының сенімді өкілі Багитжанұлы Мұратхан "NurOtan" партиясы Амангелді аудандық сайлауалды штабының мүшелерімен Үштоғай ауылында «Нұрлы Жол-2015»ЖСШ ұжымы және ауыл тұрғындарымен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесуде ауыл тұрғындары үміткердің сенімді өкіліне ауыл халқының ауыз су және кіре беріс (5,8 шм) жолдың орындалуы жайлы сұрақтар қойды. Облыстық мәслихат депутатына үміткердің сенімді өкілі қойылған сұрақтарға төмендегідей жауаптар берді. «Nur Otan» партиясы біздің азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруын, әрбір адамның таза суға, сапалы жолдарға қол жетімділігін қолдайды.

"NurOtan"партиясы Амангелді аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасы негізінде 2023 жылы ауылға су тарату пунктін(234 тұрғын) орнату , 2024 жылы Үштоғай ауылына кіретін жолды (5,8 км) орташа жөндеу жұмыстары жүзеге асырылатынын жеткізді.
"Nur Otan" партиясы барлық аудандардың, яғни бұны нақтылай кетсек: Өңірдің алдағы бес жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының САЙЛАУАЛДЫ бағдарламасын кездесу барысында кандидаттың сенімді өкілі кеңінен түсіндіріп берді, сонымен бірге партияның жетістіктеріне арнайы тоқталып өтті. Сонымен қоса 16-желтоқсан-Тәуелсіздік күнімен жиналғандарды құттықтап, осы тәуелсіздігіміз үшін опат болғандарды бір сәт еске алуды ұсынып, тағзым жасады.

Кездесу барысында облыстық мәслихат депутаттығына үміткердің сенімді өкілі Мұратхан Багитжанұлы жиналғандарды 2021 жылдың 10-шы қаңтарында азаматтық белсенділікпен өздері сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлау учаскілеріне келіп,дұрыс таңдау жасап біздің партия үшін дауыс беруге шақырды. "Nur Otan" партиясы Амангелді аудандық филиалы жанындағы ПБК-ның ұсыныс-талабы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау шаралары түсіндірілді.
«Nur Otan» партиясы Қостанай облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді
Сайлау-2021
Бүркітті ауылында канвассинг кездесуі
Бүгін Қарқаралы аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлер М.Мубараков, Қ.Дюсембаев, Е.Қобланды Бүркітті ауылының тұрғындарымен канвассинг кездесуін өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде әңгімелесіп, "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақыратынын жеткізді.
Тұрғындар, әсіресе зейнеткерлер мен әйелдер қауымымен кездесуге арнайы келген кандидаттарға алғысын айтып, ұсыныстары мен пікірлерін айтып өтті.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай
Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып,дендеріңізге саулық,отбасыларыңызға амандық тілеймін!Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!
Мұғалімдермен, көп балалы аналармен, шығармашылық сала өкілдерімен кездесу өтті
Журналист, "Талбесік" көп балалы аналар одағы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ләззат Қожахмет:
АУЫЛДА ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖОҚ
Бүгін мұғалімдермен, көп балалы аналармен, шығармашылық сала өкілдерімен кездесу өткіздім. Мен ауылға барғанда естімеген дүниелерді қалалықтардың аузынан естідім.
Ауылда көмірдің тоннасы 19 мың теңге. Қалада ол 14 мың тұрады. "Ауылда жағдай тәуір болған соң баға аспандап тұрған жоқ. Бақылау болмаған соң, халықты қанап жатыр". Кездесуде ақын Багдат Мубарак ауыл дүкендеріндегі қымбат баға, қалада өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесінің тиімсіздігі, салынып жатқан жолдардың сапасыздығы, бюджеттің ашық болмауы, қоғамдық талқылаулардың өтпейтіндігін ортаға салды.
"Ауыл қаланы бағасы төмен азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Ал қала ауылға қандай көмек көрсетуде? Неге өндіріс орындары, зауыттар, кәсіпорындар өз өнімдерін ауылға апарып арзан бағаға ұсынбайды?"-деді ақын.
Ауыл тұрғындарына кәсіп бастауға 1 млн теңгелік гранттар беріледі. "1 млн теңгеге қандай кәсіп ашуға болады? Ауылды дамытамыз десек, қайтармсыз гранттар көлемін арттырып, кәсіп ашуға берілетін несие беру жеңілдетілсін",-деді Бағдат Мүбарак.
Ұстаз Әсем Тоқмағамбетова оқу ақысын төлей алмай отырған көп балалы отбасылар туралы баяндады. Жоғарғы оқу орны студенттері несие арқылы оқу ақысын төлей алады. Ал колледждерге бұл жүйе енгізілмеген. Ақылы топта оқитын студенттерді жұмысқа тұрғызып немесе несие арқылы кейін төлейтінде жаңа жүйе енгізуге ұсыныс жасады педагог.
Кездесуде алда келе жатқан сайлаудың ерекшеліктерін баяндадым." NurOtan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырдым.
nurotan2021.kz сайтында еліміздің барлық қала, аудан, облыстарына арналған сайлауалды бағдарламалар жүктелген. Сол бағдарламаларда алдағы бес жылда қай елдімекенде мектеп пен аурухана, көшелер жөнделетіндігі, баспана салынатындығы көрсетілген. Әркім сайтқа кіріп танысып, ұсыныстар енгізе алады.