Мұғалімдермен, көп балалы аналармен, шығармашылық сала өкілдерімен кездесу өтті
Журналист, "Талбесік" көп балалы аналар одағы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ләззат Қожахмет:
АУЫЛДА ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖОҚ
Бүгін мұғалімдермен, көп балалы аналармен, шығармашылық сала өкілдерімен кездесу өткіздім. Мен ауылға барғанда естімеген дүниелерді қалалықтардың аузынан естідім.
Ауылда көмірдің тоннасы 19 мың теңге. Қалада ол 14 мың тұрады. "Ауылда жағдай тәуір болған соң баға аспандап тұрған жоқ. Бақылау болмаған соң, халықты қанап жатыр". Кездесуде ақын Багдат Мубарак ауыл дүкендеріндегі қымбат баға, қалада өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесінің тиімсіздігі, салынып жатқан жолдардың сапасыздығы, бюджеттің ашық болмауы, қоғамдық талқылаулардың өтпейтіндігін ортаға салды.
"Ауыл қаланы бағасы төмен азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Ал қала ауылға қандай көмек көрсетуде? Неге өндіріс орындары, зауыттар, кәсіпорындар өз өнімдерін ауылға апарып арзан бағаға ұсынбайды?"-деді ақын.
Ауыл тұрғындарына кәсіп бастауға 1 млн теңгелік гранттар беріледі. "1 млн теңгеге қандай кәсіп ашуға болады? Ауылды дамытамыз десек, қайтармсыз гранттар көлемін арттырып, кәсіп ашуға берілетін несие беру жеңілдетілсін",-деді Бағдат Мүбарак.
Ұстаз Әсем Тоқмағамбетова оқу ақысын төлей алмай отырған көп балалы отбасылар туралы баяндады. Жоғарғы оқу орны студенттері несие арқылы оқу ақысын төлей алады. Ал колледждерге бұл жүйе енгізілмеген. Ақылы топта оқитын студенттерді жұмысқа тұрғызып немесе несие арқылы кейін төлейтінде жаңа жүйе енгізуге ұсыныс жасады педагог.
Кездесуде алда келе жатқан сайлаудың ерекшеліктерін баяндадым." NurOtan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырдым.
nurotan2021.kz сайтында еліміздің барлық қала, аудан, облыстарына арналған сайлауалды бағдарламалар жүктелген. Сол бағдарламаларда алдағы бес жылда қай елдімекенде мектеп пен аурухана, көшелер жөнделетіндігі, баспана салынатындығы көрсетілген. Әркім сайтқа кіріп танысып, ұсыныстар енгізе алады.
