Мазмұнға өту

Жаңа

Аудандық ​ Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын

Аудандық ​ Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын ​ болып өтті. Аудан әкімі Талғат Ерсейітов қатысушыларды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, ауданымыздың бірқатар тұрғындарын, әлеуметтік – экономикалық, ауылшаруашылық, мәдениет саласын дамытуға үлестерін қосқаны үшін, сонымен қатар, коронавирусқа қарсы күресте белсенділік танытқан бірнеше азаматтарды Ақмола облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, аудан әкімінің алғыс хаттарымен ​ марапаттады.

_

В районном Доме культуры состоялось торжественное мероприятие, посвященное Дню Независимости Республики Казахстан. Аким района Талгат Ерсеитов поздравил присутствующих с Днем Независимости и наградил ряд граждан района почетными грамотами акима Акмолинской области, благодарственными письмами акима района за вклад в развитие социально – экономической, сельскохозяйственной, культурной сферы района, а также за проявленную активность в борьбе с коронавирусом.

0
0
169

Мұрат Мұқаев өзінің Facebook әлеуметтік желісінде сайлаушылармен тікелей эфир өткізді

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер - Мұрат Мұқаев өзінің Facebook әлеуметтік желісінде сайлаушылармен тікелей эфир өткізді.

Тікелей эфирде Мұрат Рахметұлы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, аталмыш бағдарламада көзделген бес бағытқа тоқталды.

Соның бірі - білім саласындағы өзгерістер, әсіресе, мұғалімдер жалақысы.

Өз сөзінде ол:

- Болашақ – жас ұрпақ қолында болса, сол жас ұрпақтың сауаты мен тәрбиесі – мұғалімдер қолында. Бүгінгі еліміздің мектептері бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеп шығару керек. Себебі, өздеріңізге мәлім, жаһандану кезеңі өз көшіне тек смарт халықты ғана ерте алады, - деді.

Сонымен қатар, партия саясаты мен бағдарламалары  әйелдер мен жастарға ерекше назар аударатындығын жеткізді. Биылғы жылы маслихаттар мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде аталмыш әлеуметтік топтар үшін үлкен квотаның қарастырылғанын да тілге тиек етті.

Тікелей эфирге қатысушы азаматтар үміткерге өздерінің ұсыныс-сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo

қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

преодолев испытания, победим вместе!

0
0
149

Үміткерлер қала тұрғындарымен кездесті

Үміткерлер  қала тұрғындарымен кездесті

Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Мәлік Құлшар мен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мұрат Мұқаев Орал қаласындағы «SOFIA” тұрғын үй кешені  тұрғындарымен кездесу өткізді.

-Келер жылдың 10-қаңтарында Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтетіні баршаңызға белгілі. Осы саяси науқанның қарсаңында біздер қала тұрғындары мен аудан-ауыл халқымен кездесулер өткізіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап жүрміз. Бүгін сондай кездесу сіз тұратын көшеде де өтуде. Бізге қояр сауалдарыңыз болса тыңдауға, шама келгенше қордаланған мәселелердің шешілу жолдарын қарауға тырысамыз,-деді М. Мұқаев.

Кездесуде сөз алған көшенің жас тұрғыны Әлішер Жұбан көне шаһардың сәнін алып тұрған ескі ғимараттар мен тұрғын үйлерді жаңалау қажеттігін айтты.

-Бұл жұмыстың қолға алынғанына біраз жыл болды. Орал қаласындағы тозығы жеткен бірнеше үйлер бұзылып, орнына су жаңа көп қабатты үйлер салынуда. Бірақ көне үйлер әлі де бар. Бұларды кезең-кезеңмен жаңарту қала әкімдігінің жоспарына енген. Тозығы жеткен үй тұрғындарының 70 % келісім берсе, ол үйлер сүріліп, инвестор орынына жаңа үй салады. Ал электр жарығы, көгілдір отын, ауыз су, кәріз жүйесі секілді инфрақұрылымдар мемлекет қаржысы есебінен тартылып беріледі. Тұрғын үй компаниясы ескі үйден көшірілген тұрғындарға баспананы тегін баріп, қалған пәтерлері сатуға құқылы,-деді Мәлік Құлшар.

Ал сол маңдағы Саратов көшесі №98 үйдің тұрғыны Тастайбек Мерғалиев көшеге жаяу жүргіншілер жолын төсеу, аталған тұрғын үйге тартылған электр желсін жаңарту, кәріз жүйесін жөндеу секілді мәселелерді айтып өтті.

-Біз тұратын тұрғын үй өте ескі. Бұған дейін облыс мәслихаттағы депутаттар мен қала әкімдігі тұрғын үйдің жылу жүйесі мен ауыз суын жөндеуден өткізуге жәрдемдесті. Баршасына алғыс айтамыз. Биылғы жылы көшемізге асфальт төселді. Көршілердің күшімен тұрғын үй ауласына қақпа орнатып жатырмыз.

Енді жол жиегінен тротуар салынып, жаяу жүргіншілер жолағы жасақталса дейміз. Елдегі саясаттан, өтетін сайлаудан толықтай хабардармыз. Алдағы сайлауда өз таңдауымызды жасап, «Nur Otan» партиясына дауыс береміз. Біздің өңірден депутат болуға лайықты деп танылған үміткерлерге сәттілік тілейміз,-деді Т.Мерғалиев.

Қала тұрғындарымен кездескен кандидаттар олардың айтқан мәселелерін қаперге алып, құзырлы мекемелерге жеткізетіндіктерін айтты.

0
0
149

Сіздерді «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз, Біз бірге дұрыс таңдау жасаймыз!

https://www.facebook.com/100015356417285/videos/1021111628410708/

#BizBirgemiz #JenimpazBol #Tanday2020

Мы приглашаем поддержать партию "Nur Otan", Вместе  сделаем правильный выбор!

Благоустроенный район с динамично развивающейся социально-экономической, духовной и культурной сферами района.

Партия" Nur Otan " определила в своей предвыборной программе 7 приоритетных направлений развития Буландынского района.

Цель-создание условий для постоянного улучшения качества жизни и благосостояния населения.

СЕМЬ ПРИОРИТЕТОВ РАЗВИТИЯ

1. экономически стабильный район

2. уютный район

3. социально-ориентированный район

4. район для молодежи

5.развитие истории и культуры.

6. открытые и подотчетные местные органы.

7. безопасный район

Партия "NurOtan" как ведущая политическая сила страны создает условия для единства народа, развития страны, процветания и благополучия каждого казахстанца.

https://www.facebook.com/100015356417285/videos/1021111628410708/

0
0
192

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!

Құрметті аудан тұрғындары Сіздерді ұлық мереке — Қазақстан Тәуелсіздігінің 29 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай! "Nur Оtan" партиясы әрқашанда сіздермен бірге!

0
0
178

прием граждан кандидатом в депутаты районного маслихата Абдрахмановой Анар Баянбайқызы.

#BizBirgemiz #JenimpazBol #Tanday2020
Сегодня в общественном предвыборном штабе прошел прием граждан в онлайн режиме кандидатом в депутаты районного маслихата Абдрахмановой Анар Баянбайқызы.
Партия" Nur Otan " определила в своей предвыборной программе 7 приоритетных направлений развития Буландынского района.
Цель-создание условий для постоянного улучшения качества жизни и благосостояния населения.

0
0
177

Медицина қызметкерлерімен кездесті

Индер. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Nur Otan" партиясы Индер аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әлия Қарашина және кәсіпкерлер Жанат Шопанова мен Ақжібек Сабырғалиева бүгін аудандық орталық емханада медицина қызметкерлерімен кездесіп, Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады және "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар медицина қызметкерлеріне пандемия кезіндегі жанқиярлық еңбегіне алғысын айтты және кәсіпкерлерді сын сәтте әрдайым да қолдап, бірлесіп жұмыс жасауға әзір екендігіне тоқталды. Сондай-ақ ауданның кәсіпкерлік саласындағы біраз мәселені көтеріп, оны лайықты шешуге ықпал етуге атсалысатындықтарын жеткізді. Жыл сайын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін жер телімдерінің көлемін ұлғайтуға, жаңа бизнес – идеяларды жүзеге асыру үшін қайтарымсыз гранттар беруге ықпал ету, бизнестің дамуымен халықты жұмыспен қамту, ішкі нарықты отандық тауармен толықтыру сынды мәселелерді қозғады. "Облыста іскер әйелдер кеңесі құрылып, ауданда оның төрағалық қызметін де атқара бастадым. Мақсат - аудандағы әйелдердің бизнесін одан әрі дамытуға мүмкіндігінше қол ұшын беру. Бұл салада кезегін күткен өзекті мәселелер жоқ емес", -деді Әлия Қарашина. Сондай-ақ кездесуде аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жанат Шопанова мен Ақжібек Сабырғалиева да ауданда кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына жан-жақты қолдау жөніндегі өзінің ұсыныс-пікірін жеткізді. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Анар Доспаева кешегі індет тараған кезде аудан кәсіпкерлерінің медицина саласында қажетті қосымша құрал-жабдықтар алуға және сырқатқа шалынған жандарды қолдауға үлкен көмек жасағанын айта келе, "Nur Otan" партиясының нәтижелі істерімен халықтың көңілінен шыға беретіндігіне сенімі мол екенін жеткізді. "Nur Otan" партиясы Атырау облысы Индер қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді Источник: www.kt.kz

0
0
297

Тәуелсіздік Күні

#ТәуелсіздікКүн #ДеньНезависимости

В Буландынской районной модельной библиотеке прошел круглый стол "Независимость героический путь моей страны". На онлайн встрече участники обсудили с  молодежью города историю Независимости, прочитали стихотворения великих казахских писателей.  Молодое поколение буландынцев с уважением относится к историческому прошлому, получает образование и воспитывает в себе культ знаний в настоящем, для того, чтобы сохранять и приумножать достижения Независимости в будущем, ведь именно молодежь - наша надежда и главный ресурс развития.

0
0
190

Бірлігі бекем елдің болашағы жарқын

«Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Индербор кентіндегі пәтер иелерінің кооперативінің төрағасы Бейбіт Ильясов пен «Айналайын» балабақшасының директоры Светлана Жанғалиева тұрғындармен кездесті.

Бейбіт Ильясов партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының туған жер, отбасы құндылығы және коммуналдық қызмет мәселелерін көтерді.

-Кіндік қаным тамған туған жерім Индерді одан әрмен дамыта түсуге, көпшіліктің сенімін ақтауға бар күш-жігеріміді салатын боламын, - деді ол.

Ал Светлана Жанғалиева бүгінде ауданда бөбекжайлардың көбейіп, халықтың жағдайы жақсарып келе жатқанын, патриоттық сезімді, Отансүйгіштікті алдымен отбасынан және балабақшадан бастап дарыту маңыздылығы сынды келелі мәселелерге тоқталды.

-Әрине, қоғамымызда әртүрлі проблемалар да кездеседі. Мысалы, денсаулық саласында вакцина мәселесі де өзекті дер едім. Кезінде вакцина алдық, одан денсаулығымыз жақсармаса жаман болған жоқ едік. Қазір діни ағымдар, түрлі топтардың теріс ықпалымен вакцинадан тайқып шығатындар бар. Ал олардың ұрпақтарының болашағы қалай болмақ. Сондықтан да мұндай өзекті мәселелер менің назарымнан тыс қалмайды, -деді ол.

Тұрғындар арасынан М. Алмашева үміткер С.Жанғалиеваның өз ісіне шебер, ал күнделікті өмірде адал әрі қарапайым, адамгершілігі мол қасиеттерін атап өтті. Ә.Дәулетиярова кентегі жаңа мөлтек аудан - «Шығыстың» жаңа қалыптасқанына қарамастан заманауи үлгідегі бөбекжай мен мектеппен қамтылып, автокөлік және жаяу жүргіншілер жолы шешіліп тұрғындардың игілігін көре бастағанын, мұндай жақсылықтар «Nur Otan» партиясы қозғауымен әрмен қарай жалғаса беретіндігіне сенімді екенін атап өтті. Сондай-ақ Ж.Аюшева, Г.Мырзағалиева да бейбітшілігі мен бірлігі бекем елдің болашағы да жарқын екеніне сенімдерін білдірді.

0
0
235