Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» меркелік шара

Санитарлық талаптарды сақтай отырып, ұйымдастырылған шарада аудан басшысы Халел Жамалов жылыойлықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

⠀- Сіздерді ұлық мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

⠀Тәуелсіздіктің арқасында біз қарқынды дамып, халықтың әл-ауқаты жылдан-жылға жақсарып келе жатқан елдердің қатарындамыз және оны мақтан тұтып, ауыз толтырып, нық сеніммен айта аламыз.

⠀Тұғыры – тыныштық, тірегі – тұрақтылық, тілегі – татулыққа негізделген Қазақ елін бүгінде әлем бейбітшілік бесігі деп мойындайды. Осы жеткен жетістіктерімізіге әрқайсымыз құрметпен қарап, қолымыздан келгенше еліміздің әрі қарай жаңа табыстарға, жетістіктерге жете беруіне білекті күш жұмсауымыз қажет.

⠀Сіздерді ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы, егемен еліміздің Ұлы мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

⠀Тәуелсіздік күні жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Ендеше әрқайсымыздың кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың Тәуелсіздік күні құтты болсын, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін,- деді Халел Жамалов.

⠀Бұдан соң аудан әкімі Халел Жамалов ауданның дамуына сүбелі үлес қосып жүрген әр сала қызметкерлерін Атырау облысы әкімінің, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаментінің және Жылыой ауданы әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

0
0
230

Осы тақырып бойынша

«Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» меркелік шара - Yvision.kz