Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат супермаркетке барып, экспромт-кездесу өткізді.
2020 жылы 19 желтоқсанда облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Өтеубаев Талғат Бабашұлы және қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат Баймағанбетов Өміржан Зейнешұлы Саран қаласының супермаркетіне барып, экспромт-кездесу өткізді. Кездесуге супермаркеттің қызметкерлері мен тұтынушылары қатысты. Кандидаттар іс-шараға қатысушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен, бағдарламаның негізгі бағыттарымен таныстырды.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ, оларды азаматтық белсенділік танытып, 2021 жылдың 10 қаңтарында мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

