Экспромт кездесу Жаңаөзен қаласының сүт зауыты қызметкерлерімен жалғасты
Кездесу барысында "Nur Otan” партиясының алда жеті бағытпен жұмыс жасайтыны айтылды. Халық таңдауы бойынша партияға дауыс беру жөнінде үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, партияның ел бірлігі мен әл-ауқатын жақсарту үшін аянбай еңбек ететіні айтылды.
Жұмысшылар ойларында мазалап жүрген көшенің жарықтандыруы, тазалыққа қатысты мәселелерді талқылап, кандидаттар тарапынан тиісті жауаптар беріліп, өлкеміздің жағдайының жақсаруына өз ұсыныстарын айтып бөлісті.
Жиынға қатысушылар "Nur Otan” партиясының халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмысына оң бағаларын беріп, партияны қолдайтындарын жеткізіп, сәттілік тіледі.
