Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау

Фейсбук парақшамда Канат Имашев деген азамат пен таныстым.

Менің мүмкіндігі шектеулі азаматтар туралы жазбаларыма өз пікірін жазып отыратын азамат.

Бүгін Қанатпен танысып, жағдайын білу ниетте үйіне бардым. Әңгіменің басында, үйіндегі жылу мәселесін шешкен Жаңаөзен қала әкімі Мақсат Ибағаровқа алғысын білдірді.

Қаладағы емханаларға, мәдениет үйінде,т.б жерлерге барған кездерінде лифт,инватакси жоқ екендігін, ғимараттарда қиындық туғызатын мәселелерді айтып,шешімдерін табуға көмек сұрады.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету – қоғам парызы болып табылады. ҚР Тұңғыш Президент, "Nur Otan" партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін еліміз кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін түсіндірген еді. Жалпы айтқанда,мұндай тұлғалар өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінулері керек.

Біз қоғам болып мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын арттыруымыз керек.

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының "Ерекше қажеттілігі бар адамдарға жағдай жасау" бағыты, аталған мәселелердің шешімін табады деген сенімдемін.

Жулдыз Муханбеткаликызы

0
0
146

Осы тақырып бойынша

Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау - Yvision.kz