Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудандық балалар және спорт мектебінің қызметкерлерімен кездесу

«Nur Otan» партиясынан аудандык маслихатқа ұсынылған депутаттыққа үміткерлер Арыстанова Унай Құмарғалиқызы, Биғамбаев Мәлік Қабдрашұлы және «Nur Otan» партиясы Индер аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Амантурлин Жанай Ислямғалиұлы аудандық балалар және спорт мектебінің қызметкерлерімен кездесті. Үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасындағы Басты міндеттерімен таныстырды. Соның ішінде сапалы білім беру, мұғалімдер мен шәкірттерді қолдау, спортты дамыту мәселелеріне ерекше тоқталды. Сайлаушылар сұрақтарына жауап беріп, оларды партияның сайлауалды бағдарламасын қолдауға, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беріп, ұйымшылдықпен қатысуға шақырды.

0
0
133

Осы тақырып бойынша

Аудандық балалар және спорт мектебінің қызметкерлерімен кездесу - Yvision.kz