ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың сенімді өкілі экспромт-кездесу өткізді.
2020 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Басин Вадим Борисовичтың сенімді өкілі Саран қаласының орталық базарына барып, экспромт-кездесу өткізді. Кездесуге орталық базардың қызметкерлері мен тұтынушылары қатысты. Іс-шараға қатысушыларды партияның сайлауалды платформасымен және бағдарламаның негізгі бағыттарымен таныстырды.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ, қала тұрғындарын толғандырып жүрген өзекті мәселелерді жазып алып, оларды шешуге атсалысатындарын мәлімдеді.
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

