Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үгіт-нәсихат жұмыстары

«Nur Otan» партиясынан Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ирина Жукова мен Марат Атабаев, Шортанды аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ахмедия Қожамсейітов, Гүлнұр Сәдуақасова, Әділ Кауметов, Іңкәрім Қабылхан Петровка ауылының тұрғындарымен кездесіп, үгіт-нәсихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында айқындалған міндеттер мен мақсаттар бойынша жан-жақты түсініктеме берді. Партия мүшелері партияның жетістіктері мен атқарылған істері жөнінде баяндады.

Болашақ халық қалаулылары ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын таратып, 2021 жылдың 10 қаңтарындағы сайлауға қатысып, белсенді азаматтық көзқарас танытуға шақырды. Қиындықты бірлесе еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Осы тақырып бойынша

Үгіт-нәсихат жұмыстары - Yvision.kz