Қорғалжын ауданына Республикалық сайлауалды штаб мүшесі келді.
Қорғалжын ауданына Республикалық сайлауалды штабының мүшесі, құрметті дәрігер, жоғары дәрежелі хирург Аяғанов Серік Ақпенұлы ат басын бұрды. Серік Ақпенұлы 2005-2011 жылдары - Ақмола облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болды. Бірыңғай экономикалық кеңістіктің депутаттық тобының мүшесі. Француз Республикасының Сенатымен, Израиль Мемлекетінің Кнессетімен, Италия Республикасының Сенатымен, Литва Республикасының Сеймімен, АҚШ Конгрессімен ынтымақтастық жөніндегі топтың мүшесі. Және үгіт-насихат шарасына Қорғалжын ауданынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Жұмабаев Әділ Қайратұлы мен Қорғалжын аудандық "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Амангелдинов Мадияр Серікұлы да баяндама жасап, алғы сөздерін айтты.
Карантин талаптарының барлық шектеулерін сақтай отыра өткізілген жиында "Nur Otan" партиясының Қорғалжын ауданы бойынша жоспарлары турасында айтылды. Нақты жасалынған және алдағы жоспарда бар мәселелер айшықталды. Залдағы көрермен қауымның сұрақтарына жауап беріліп, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
