Nur Otan өкілдері Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті
«Nur Otan» Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Жамбыл облысына барды. Олар өнеркәсіп кәсіпорындарының ұжымымен, шағын және орта бизнес өкілдерімен, ауыл тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын талқылады.Тұрғындар жастарға қолдау көрсету, денсаулық сақтау саласының сапасын көтеру, мемлекеттік органдар жұмысын жақсарту, ауыл шаруашылығын дамыту секілді тағы да басқа мәселелерді көтерді. Партия баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған ұсыныстардың барлығы праймериз барысында жұртшылықпен кеңінен талқыланған сайлауалды бағдарламаларда қамтылған.Мәселен, өңірде 100-ден астам ауылды сапалы ауыз сумен, газбен және кең жолақты Интернетпен қамтамасыз ету жоспарланған. Сондай-ақ, 13 жаңа мектеп пен Оқушылар сарайын салу көзделіп отыр.«ҚТЖ» Локомотив депосы мен «Қазфосфат»…






