Жаңа
Өскелең ұрпақ қолда барды қадірлеуге,Отанымыздың әрі қарай өркендеуін ойластыруға, өз пікірін білді
Кандидат ауыл тұрғындарының шаңырағында
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербныйдың Целиноград ауданына келген үгіт-насихат жұмысы сапары өз жалғасын канвассинг-кездесуімен жалғастырды.
Басты мақсат – «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға бағытталған сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, осы уақытқа дейін партияның атқарған жүйелі жұмысын таразылау. Бұл кездесудің ерекшелігі де ауыл тұрғындарының шаңырағында болып, келелі әңгімелесіп, толғандырған мәселелерін ескеріп, акциясы аясында партияның алға қойған басты міндеттерін жүзеге асырудағы нақты қадамдарымен таныстыру. Осы орайда аудандағы ауыл тұрғындарының шаңырақтарында болған кандидат П.Н. Безвербный сайлауалды бағдарламасының ауылды дамыту жолында бірқатар шаралар қарастырылғанын атап өтті.
Бала кезінен мүмкіндігі шектеулі 1 топтағы мүгедектер Асатрян Арам Варамовичпен Ковальчук Анастасия Андреевнаның және 2 топтағы мүгедек жан Хайбуллов Мансур Минзарифовичтің үйінде болып жүздесіп қайтты. Канвассинг – кездесуде мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктермен, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында өңірдегі игі шараларды да жеткізіп, оларды мазалайтын мәселелерін де түртіп алды.
Сайлауалды бағдарламаның бағыттары қарапайым тұрғындардың қажеттілігін, талап-тілегін ескеретінін, «Халық үніне құлақ асатын» Үкімет концепциясы негізінде қызмет атқаратыны жайлы айтылды. Кездесу аясында тұрғындар өз шаңырақтарында қонақта болғанына зор құрметке ие болғандарын да жасырмады. Әсіресе кандидатпен пікір алмасып, келелі әңгімелесудің сәтті болғанын жеткізіп, өз сұрақтарына тұщымды жауабын алды. Кандидат Павел Николаевич өз тарапынан аудан тұрғындарына 10 қаңтар күні дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясынын қолдауға шақырды.
«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы
сайлау қорының қаражатынан төленді.
https://aqmolanews.kz/kk/2020/12/18/kandidat-ayyl-turgyndarynyn-shanyragynda/
"Назарбаев Зияткерлік мектептері"
Әр тұрғынның сауалы ескерулі
Целиноград ауданында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербный үгіт-насихат жұмыстары аясында «Есіктен есікке» акциясымен үй-үйді аралап, тұрғындармен кездесті.
Еңбек ардагері Щербицкий Ананий Дмитриевич және ауған соғысы ардагері Иутин Николай Дмитриевичпен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп берді. Сонымен қатар акция шеңберінде қоғам қайраткері Ахтанов Канапия Мухамедияұлының, ұстаздар жанұясы Байжуманов Даньяр Маулетұлының шаңырағында, сонымен қатар тыл еңбеккері Ковальчук Вера Митрофановнаның үйлеріне барып, олардың тыныс-тіршіліктерімен танысты.
Кандидат бағдарламада қарастырылған алдағы уақытта ауданды дамытуға арналған жеті бағыт бойынша жұмыс жасайтынын айтып, бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. Қысқаша тоқталар болсақ, ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауданның ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға іс-қимыл жасалатыны, жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй – коммуналдық саласын жаңғыртуға, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыру жайлы сөз болды. Түйінді мәселелерін жазып алып, мүмкіндігінше партия тарапынан шешуге атсалысатынын, партияның сайлауалды бағдарламасының өңірдегі оңтайлы істердің жобаларымен таныстырып, тұрғындардың ұсыныс-тілектері маңызды екенін жеткізіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Акция аясында «Nur Otan» партиясының жобаларына да тоқталып, «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Құтты мекен» т.б. партиялық жобаларының әрі қарай жалғасатындығын, партия халықтың әлеуметтік жағдайын басты назарда ұстайтынын жеткізді.
Өңірдегі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер болып тіркелген кандидаттар да партияның сенімі мен үмітін ақтау үшін барынша үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру үстінде. Тұрғындардың басым көпшілігі партияның белсенді мүшелері екенін айтып, партияны бірауыздан қолдайтынын жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы
сайлау қорының қаражатынан төленді.
https://aqmolanews.kz/kk/2020/12/18/ar-turgynnyn-sayaly-eskeryli/
«Айшабибі» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен үгіт-насихат кездесу
«Агрофирма «Родина» ЖШС» ұжымымен өткен келелі кездесу
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербный үгіт-насихат жұмыстары аясында Ақмола облысы, Целиноград ауданы Родина ауылында «Агрофирма «Родина» ЖШС» ұжымымен кездесу ұйымдастырды.
«Родина» агрофирмасы көпсалалы ауыл шаруашылығы, мал және өсімдік шаруашылығымен айналысады. Аталмыш ауылдық округіне Родина, Садовая, Зеленый Гай ауылдары жатады. Ауыл тұрғындарының дерлігі жұмыспен қамтылған. Ең бастысы жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуда қолайлы жағдай жасалған. Ауылда жұмысқа тұрған мұғалім, дәрігер, учаскелік полицей және тағы басқа мамандық иелерін агрофирма баспанамен қамтамасыз етеді. «Родина» Агрофирмасының өнімдері өзінің жоғары сапалы өнімдерімен көпшілікке белгілі. Родина ауылы өңірдегі ауылшаруашылық бағытта дамыған жайлы ауыл. Ынтымағы жарасқан ауылдың тұрғындарының берекесі жарасымды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Павел Николаевич Безвербный «Агрофирма «Родина» ЖШС» ұжымымен кездесу барысында «Nur Otan» партиясының рөлі мен міндеттері туралы кеңінен әңгімелеп, партияның сайлауалды бағдарламасымен егжей-тегжейлі таныстырып, басты бағыттарына тоқталып өтті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Павел Николаевич Безвербный ауыл тұрғындарымен жүздесу барысында ауыл тұрғындарымен, еңбек ұжымы тарапынан қойылған сұрақтарына жауап беріп, талап-тілектерімен, аманаттарымен танысты. Келелі кездесуде еңбек ұжымына үміткер сайлауалды бағдарламаның жеті бағытында көрсетілген алдағы оң шешімін табатын міндеттерімен, өңірде қолға алынатын жобалармен де таныстырып өтті. Кәсіпкерлік саласында тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнес дағдарыс жағдайында айтарлықтай қолдау алғанын жеткізген кандидат Б.Н. Безвербный «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарында өңірдің саяси-экономикалық дамуы бойынша барлық сала қамтылғанын ерекше назар аудартты.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде несие беру тетіктерін жыл сайын пайдалану, оның ішінде жобаларды субсидиялау, жобаларға кепілдік беру және грант ұсыну, «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жыл сайын мемлекеттік грант, микрокредит бөлу, «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде 13 жаңа бизнес – жобаны несилеу мақұлданғаны сынды маңызды бағыттар қарастырылғанын атап өтіп, кандидат тұрғындарды толғандырған сауалдарын тыңдап, оларға нақты жауаптар берді. Өз кезегінде тұрғындар партияның сайлауалды бағдарламаларын қолдайтындарын жеткізді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Павел Николаевич Безвербный партия алдындағы міндеттердің бірі 5 мыңнан астам жұмыс орнын құру бойынша (жыл сайын орта есеппен 1100-ге жуық) және жалпы жұмыссыздық деңгейін 0,03% – ға дейін төмендету міндеті қойылғанын жеткізіп, аудандағы атқарылатын іргелі істерді тиек етті. Атап айтқанда, Қосшы, Қабанбай батыр, Р.Қошқарбаев, Оразақ, Талапкер ауылдық округтерінің аумағында көкөніс және жем-шөп дақылдары картобының көбірек өнімін алу үшін 5 мың га суармалы жер алаңын кезең-кезеңімен кеңейтуді жақтап шығу, 2025 жылға дейін 7 ауылдық округте (Қоянды, Жаңаесіл, Мәншүк, Софиевка, Приречное, Қабанбай батыр, Арайлы) 35 мал шаруашылығы базасы салынады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесу. 5 жыл ішінде 3 ауылдық округте (Арайлы –«Wessar» ЖШС, Қабанбай батыр – «Грин Стар» ЖШС, Талапкер – «Табыс» ӨК) 3 астық қоймасы мен көкөніс қоймасы салынып, қайта жаңғыртылатын болады. Тұқым себу алаңын 2025 жылға қарай 3 репродукциядан төмен емес 90%-ға дейін ұлғайту көзделген. Минералды тыңайтқыштарды қолдану алаңын 2025 жылға қарай 91 мың гектарға дейін ұлғайту. Өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану алаңын 2025 жылға қарай 100% – ға дейін және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің жаңа объектілерін ашу үшін жағдай жасау қарастырылған. Бұдан бөлек өңірде 2025 жылға дейін жеке инвестициялар есебінен 3 қайта өңдеу кәсіпорны ашылады, оның ішінде «Муртук» ЖШС ет өңдеу жартылай фабрикаттар шығару, 500 басқа арналған «Ен Дала» ЖШС сүт кешенін іске қосу, «Сивка Бурка» ШҚ ет және қымыз өңдеу, 2025 жылға дейін Айбарыс ШҚ бордақылау алаңының фермасын 2000 бастан 5000 басқа дейін кеңейту қолға алынатын болады.
Родина ауылдық округінде өткен үгіт-насихат кездесуінде тұрғындар өз кезегінде партияның сайлауалды бағдарламаларын жан-жақты қолдайтындықтарын бірауыздан құптады. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Павел Николаевич Безвербный 2021 жылдың 10 қаңтары күні сайлауға қатысып, азаматтық көзқарастарын танытуларына «Қиындықты бірлесе еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз» деп, партияға дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы
сайлау қорының қаражатынан төленді.
https://aqmolanews.kz/kk/2020/12/18/agrofirma-rodina-jshs-uzhymymen-otken-keleli-kezdesy/
«Nur Otan» партиясына дауыс бер! Лайықты болашақты таңда!
Ақкөл ауданында аудандық және облыстық маслихаттарының депутаттығына үміткерлер еңбек ұжымдарымен бірігіп үгіт – насихат кездесулер жүргізуде. «Nur Otan» партиясына дауыс бер! Дәл осы ұранмен Ақкөл ауданының маслихатының депутаттығына уміткер Нурбол Зулкарнаев «Қамкор» МСУ еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Бес жыл бойы медициналық – әлеуметтік мекемесінің директоры болып жұмыс істеп келе жатқан және мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс істеудегі барлық мәселелер мен сұрақтарды біледі. Еңбек ұжымы арасындағы дұрыс құрылған жұмыс пен партия мүшелерінің қодауы Нурбол Зулкарнаевқа оған сеніп тапсырылған мекеме жұмысын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік берді. 2018 жылы 100 төсек орыны бар жаңа ғимарат салынды. Ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қосымша заманауи жабдықтармен жабдықталған. Жаңа копусқа күн коллекторлары орнатылған, олар күн энергиясы көмегімен корпусты ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жастарын, диагноздарын, психологияық ерекшеліктерін, қызығушылықтарын және не қалайтындарын ескере отырып барлық қызмет алушылар еңбек қызметіне қатысады: ағаш ұстасы шеберлігі, тігін шеберлігі.
- ««Nur Otan» - бұл көш бастап келе жатқан партия, оның жұмысы біздің көпұлтты мемлекетіміздің әр азаматына лайықты өмірді қамтамасыз етуіне бағытталған. Партияның жұмысы дұрыс құрылған жұмыспен, барлық мәселелі сұрақтардың білуімен, тұрғындар мен партия мүшелерінің демеуімен құрылған. Біз барлық күшімізді аудан тұрғындарының жағдайын көтере отырып, сапалы білім алу үшін, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада, мәдениет және спортта сапалы қызмет алу үшін бағыттаймыз. Біз алдағы сайлауға жауапкершілікпен қарауымыз керек, «Nur Otan» партиясының Сайлауалдындағы бағдарламасының адына қойылған барлық тапсырмаларын уақытында орындау үшін біздің партияға дауыс беріңіздер, біздің ауданның және жалпы біздің мемлекетіміздің болашағы нақты бізге байланысты» - деп Нурбол Зулкарнаев өзінің қорытынды сөзін аяқтады.
«Nur Otan» партиясына дауыс бер! Лайықты болашақты таңда! Тек бірге, барлық күшімізді біріктіріп біз әр қазақстандықтың әл – ауқатын жақсартуға бағытталған барлық тапсырмаларды орындаймыз және алға қойылған мақсаттарға жете аламыз!

Есіктен-есікке
"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ"
Бүгін, “Nur Otan" партиясы атынан, Сырым аудандық мәслихат депутатына үміткер Ж.Альпенованың сенімді өкілі ретінде Өлеңті ауылының тұрғындарымен “Есіктен-есікке” акциясы аясында кездесу өткіздім.
Үгіт-насихат жұмыстары аясында тұрғындар тарапынан ұсыныс-тілектер айтылып, партияның саясатын қолдайтындарын, сайлауда өз таңдауларын жасайтындықтарын білдірді.