Мазмұнға өту

Жаңа

"Nur Otan" партиясымен бірге!

Гүлден Есмұратқызы Мұхамбетжанова – партияның белсенді мүшесі, аудандық мәслихаттың депутаты, Жақсы ауданы Остров орта мектебінің директоры, қазіргі уақытта облыстық мәслихат депутаттығына үміткер, сайлауалды үгіт - насихат жұмысын белсенді жүргізуде.

Ол Киев, Новокиенка ауыл тұрғындармен кездесіп, «Есіктен – есікке» акциясына да қатысып, онлайн кездесу өткізіп, сайлаушылардың үйлерін аралап, "Nur Otan" партиясының ел игілігі үшін атқарып жатқан және әлі де атқаратын жұмыстары жайында баяндап, үгіт-насихат материалдарын үлестіруде. Сайлаушылармен кездесу барысында Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, "Nur Otan" партиясы сайлауалды бағдарламасының жетістікке жетелейтін жеті бағытының басымдықтарын түсіндірді.

Сонымен қатар, Гүлден Есмұратқызы білім беру қызметкері ретінде балалар мен жастардың дұрыс қалыптасуына, олардың мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына, әрі қарай жұмысқа орналасуына, сапалы білім алуына және рухани-адамгершілік тәрбиесіне үлес қосқысы келетінін айтып өтті. Кездесу барысында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер барлық өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп,алға қойған міндеттердің жүзеге асырылуы үшін

2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға қатысуға және нақты істер партиясы - "Nur Otan" партиясын таңдауға шақырды!

"Nur Otan" партиясымен бірге - жаңа жетістіктерге жетеміз!

"Nur Otan" партиясы Ақмола облысы Жақсы ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.

https://716.kz/news/6578-nur-otan-partijasymen-b-rge.html

0
0
210

«Nur Otan» партиясына сенеміз және соңынан ереміз!

Біз «»Nur Otan»мен Біргеміз!..»

Қорғалжын ауданында  халық арасындағы пікір дәл осындай. Себебі, көрінеу көзге қашаннан белгілі. Ол «Nur Otan» партиясына деген халық сенімінің қашан да ақталып, ақиқатына жетіп отыр деген сөз.

Дәл қазір жүргізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстары, «Есіктен есікке» акциясы, канвассинг барлығы партияның өз жұмысына жүрдім, бардым емес тыңғылықты қарап отырғанының белгісі.

Мысалы,  кандидаттар «Амангелді» бастауыш партия ұйымымен кездесу өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Алдағы партия жоспарларымен бөлісіп, тыңдаушылардың пікірін естіп қайтты.

Бұл кездесуге кандидаттар Самат Мамырайымов пен Абзал Кенжебайқызы қатысты. Ондағы мәселеде партиялық бағдарламаның жеті басым бағытын айқындады. Сонымен қатар партияның атқарған игі жақсылықтарын айтып өтті.

Ол Елбасы бастамасымен қолға алынған «Biz birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының мүшелері мен волонтерлер жалпы сомасы 5,3 млн. теңгеге 593 отбасына азық-түлік себеттерін жеткізілгені, жалпы сомасы 20,5 млн. теңгеге 300 отбасы 50 000 теңгеден қаржылай көмек  алғаны тағы бар.

Бұл ТЖ кезінде еліміздегі әрбір мұқтаж жанға жебеу болған жұбаныш, адамгершілік қолдау. Партияның мұндай істер тізімі бір параққа сыймас болар?! Қорғалжын ауданында 45 аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 6 жасқа дейінгі 36  балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер берілді.

Сол секілді шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін жеңіл несиелер беру қарастырылу жоспарда бар. Партияның мұндай жетістіктері көп және алдағы уақытта жалғасын таба береді деген қос кандидат сөз соңында аудан халқын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Себебі, халықпен бірге партия қашан да халықтың жағында.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Қорғалжын аудандық филиалының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

https://koksheinform.kz/?p=3701&lang=kk

0
0
239

Іргесі берік, қадамы нық «Nur Otan» партиясы!

Отыз жылға жуық уақыт бойы Қазақстан халқының сенімін ақтап келе жатқан сенімді партия әр сайлаудан жаңа тәжірибе жинап, атқарылған жақсы істердің межесін көбейтіп отыр. Әрбір сайлауға өте үлкен жауапкершілікпен қараған жетекші партия өз міндеттерінің тізімі ұзарғанына еш таңырқаған емес. Керісінше, жаңа деммен жұмыс бастауда.

Мәселен, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының жоспарында қарастырылған міндеттер көп. Соның бірі облыстық, республикалық деңгейдегі штаб мүшелерімен жұмыс атқару. Осы ретте Қорғалжын ауданына Республикалық сайлауалды штабының мүшесі, құрметті дәрігер, жоғары дәрежелі хирург Аяғанов Серік Ақпенұлы ат басын бұрған еді.

Серік Ақпенұлы 2005-2011 жылдары – Ақмола облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болды. Бірыңғай экономикалық кеңістіктің депутаттық тобының мүшесі.

Француз Республикасының Сенатымен, Израиль Мемлекетінің Кнессетімен, Италия Республикасының Сенатымен, Литва Республикасының Сеймімен, АҚШ Конгрессімен ынтымақтастық жөніндегі топтың мүшесі.

Сенат депутаты болған уақытта 12 бөлімнен тұратын медицина кодексін қабылдауға септігін тигізген және «Nur Otan» партиясымен алғаш қалыптасу кезеңінен бастап бірге болған азамат. Бұл кісінің айтуынша аталмыш саяси партия ешқашан құр сөз беріп құтылған емес.

Қандай қиын мәселе болса да, түйіткілдің түйінің табуға тырысып отыратының айтып өтті. Штаб мүшесімен бірге үгіт-насихат шарасына Қорғалжын ауданынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Жұмабаев Әділ Қайратұлы мен Қорғалжын аудандық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Амангелдинов Мадияр Серікұлы да баяндама жасап, алғы сөздерін айтты.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына шолу жасап, бір қатар сұрақтарды сарапқа салды. Мәселен, бағдарламадағы жеті басым бағыт жайлы баса айтты. Оның ішінде әлеуметтік мәселелер мен медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігі туралы сөз болды.

Әсіресе, ауданға келетін жас медицина мамандарының тұрғын үймен дер кезінде қамтамасыз етіліп, барлық жағынан қамтылу күн тәртібіне қызыл сиямен жазылды. Карантин талаптарының барлық шектеулерін сақтай отыра өткізілген жиында «Nur Otan» партиясының Қорғалжын ауданы бойынша жоспарлары да айтылды.

Нақты жасалынған және алдағы жоспарда бар мәселелер айшықталды. Залдағы көрермен қауымның сұрақтарына жауап беріліп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Қорғалжын аудандық филиалының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

https://koksheinform.kz/?p=3695&lang=kk

0
0
221