Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Казталов аудандық байланыс торабы қызметкерлерімен брифинг өтті.

20 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының өкілдері «Қазпошта» АҚ-ның Казталов аудандық байланыс торабы қызметкерлерімен брифинг өткізді. Брифингте партияның қоғамдық қабылдауының есебі тыңдалып, өтініштердің қаралуы жөнінде ақпараттар берілді. 2020 жылдың басынан партия тарапынан жалпы саны 50 қоғамдық қабылдау өткізілген. Оның ішінде ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 13 наурызға дейінгі аралықта – 39, ал қазанның 7-і мен 21-і аралығында 11 қоғамдық қабылдау өткізді. Жиында қоғамдық қабылдауда қабылданған өтініштер қараусыз қалмайтындығы ескерілді.

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
218

Осы тақырып бойынша

Казталов аудандық байланыс торабы қызметкерлерімен брифинг өтті. - Yvision.kz