Мазмұнға өту

Жаңа

Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының V съезіне қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары қол жеткізген негізгі жетістіктерге тоқталып, осы жолда үлкен жұмыс атқарылғанын атап өтті.– Мен бүгінгі таңда күллі қазақстандықтар мақтан тұтатын табыстарымызға жету қаншалықты қиын болғанын жақсы білемін. Өскелең ұрпақ қолда барды қадірлеуге, Отанымыздың әрі қарай өркендеуін ойластыруға, өз елін мақтаныш етуге тиіс. Жастар мүддесі әрдайым менің басты назарымда, – деді «Nur Otan» партиясының Төрағасы.Қазақстанның Тұңғыш Президенті егемендік жылдары елімізде нақты әрі тиімді әлеуметтік лифттер құрылғанын айтты.– Менің бастамаммен ел үшін ең күрделі кезеңде іске қосылған «Болашақ» бағдарламасымен 15 мыңға жуық жас қазақстандық білім алды. Бес жыл бұрын Назарбаев Университеті студенттерінің алғашқы легі түлеп ұшты. Осы жылдардың ішінде оқу орнында бе…

0
0
185

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

"Nur Otan" партиясы атынан сайлау науқанына түсіп жатқан үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Силар Қияқбаев пен Елдос Әбікенов бірқатар жерлесінің үйінде болып, партияның алдағы бес жылға жоспарлаған ауқымды жобаларын таныстырды.

Канвассинг форматында өткен кездесуден қала тұрғындары Жезқазған қаласын дамытудың 7 басым бағытынан хабардар болды. Сайлаушылар сапалы ауыз су, таза экология мен медицинаның қолжетімділігін қамтамасыз етуді міндеті еткен партияның бағдарламасын жылы қабылдап, кандидаттарға жеңіс тіледі.

@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
146

Білімді де бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ісі ұстаздарға жүктелгендіктен

Әлемнің дамыған отыз елі қатарынан табылуды мақсат еткен еліміз үшін бүгінгі таңда маңызды міндет - білім сапасын арттыру. Білімді де бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ісі ұстаздарға жүктелгендіктен, Қазақстанда педагог мәртебесін биіктетуге, білім сапасып жақсартуға бағытталған шаралар көп. Солардың бірқатары "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан.1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 📷пайыз қамту, үш ауысымды оқуды жою, Теректі стансасы мен Батыс ауданда, Геология елді-мекенінде жаңа мектеп салу, жезқазғандық мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттырып, білім ошақтарына 2800 компьютер сатып алу міндетін межелеген партияның сайлауалды бағдарламасын #1 орта мектептің ұжымына түсіндірген Жезқазған қалалық мәслихаты депутаттығын…

0
0
145

«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Жамбыл облысына ат басын тіреді.

Тұрғындар жастарға қолдау көрсету, денсаулық сақтау саласының сапасын көтеру, мемлекеттік органдар жұмысын жақсарту, ауыл шаруашылығын дамыту секілді мәселелерді көтерді. Аталған ұсыныстардың барлығы біздің сайлауалды бағдарламаларымызда қамтылған. Олар праймериз барысында жұртшылықпен кеңінен талқыланған болатын.Сонымен, өңірде 100-ден астам ауылды сапалы ауыз сумен, газбен және кең жолақты Интернетпен қамтамасыз ету жоспарланып жатыр. Сондай-ақ, 13 жаңа мектеп пен Оқушылар сарайын салу көзделуде.«ҚТЖ» Локомотив депосы мен «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар зауытының ұжымымен кездесуде азаматтарды әлеуметтік қолдау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелерін талқылады.«Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасы аясында 130 мың жұмыссыз адамды еңбек нарығындағы сұранысқа…

0
0
156

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Ақмола облысына ат басын тіреді.

Көкшетау қаласында жас мамандармен және «Серпін» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен бірге жастардың өз қабілеттерін іске асыруына жағдай жасау, сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету, бос уақытты тиімді өткізу мен жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылады.«Nur Otan» жоғары білім алу үшін гранттардың санын кемінде 50%-ке ұлғайтуға ықпал етеді. Жыл сайын 75 мың жас қазақстандық тегін жоғары білім ала алады.Бұл ретте 2025 жылға қарай сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде білім алу тегін болады.Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында студенттер стипендиясын 2 есе, магистранттар мен докторанттардікін – 1,5 есе көтеру, колледждер мен университеттер жатақханаларында кемінде 50 мың жаңа орын енгізу көзделуде.Жылына 5 мың адамды қамти отырып, «Алғашқы жұмыс орын» жобасын іс…

0
0
179

Ұштаған, Онды ауылдарындағы газ мәселесі, аудандық орталық аурухана қызметкерлерінің сұранысы

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында Маңғыстау аудандық маслихат депутаттығына кандидат Ерманов Талғат Қорғанбайұлы қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда көтерілген мәселелер:

Ұштаған, Онды ауылдарындағы газ мәселесі, аудандық орталық аурухана қызметкерлерінің сұранысы бойынша екі араға жүретін автобусты ұйымдастыру және мал азығы, Шетпе-Жыңғылды тас жолын жөндеу жұмыстары жөнінде. Әр мәселенің оң шешімін табуға жұмыстар атқарылатын болады.

0
0
138