Мазмұнға өту

Жаңа

«Есіктен есікке» акциясы

Бүгін Алматы қаласы «Nur Otan» партиясының мәслихат депутаттығына үміткер Бадаева Роза Кеңесханқызы «Есіктен есікке» шарасының аясында тұрғындармен кездесті. Шараның аты айтып тұрғандай, үміткер аудан тұрғындарының есігін қағып, олардың жағдай-жайын білді. Оларға «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан ауқымды жұмыстарын баяндап, алдағы бес жылдыққа негізделген сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

0
0
205

Түрксіб ауданы бойынша Алматы қалалық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесіндегі қабылдау

Түрксіб ауданы бойынша Алматы қалалық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, Түрксіб аудандық «Nur Otan» партиясының штаб мүшесі Мұхтар Тәжібаев Ілиясұлы «ZOOM» платформасы арқылы қабылдау өткізді. Сондай ақ, қабылдау барысында, Алматы қалалық «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

0
0
180

Алматы қалалық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесіндегі қабылдау

Түрксіб ауданы бойынша Алматы қалалық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, Түрксіб аудандық «Nur Otan» партиясының штаб мүшесі Мусабаева Асем Мураткызы «ZOOM» платформасы арқылы қабылдау өткізді. Сондай ақ, қабылдау барысында, Алматы қалалық «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

0
0
221

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидатпен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Снежана Имашева ZOOM платформасы арқылы «Тасқала» БПҰ мүшелерімен кездесіп, өзекті мәселелер талқылады.

ZOOM платформасында өткен кездесу барысында тұрғындарды толғандырған мәселелер қатарында елді-мекендерге жоғары жылдамдықтағы интернет желісі шешімін тапса деген ұсыныстар айтылды.

Халықтың үніне құлақ түрген мәжіліс депутаты «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының 7 басым бағытын атап өтті.

#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Преодолев испытания, победим вместе!

0
0
149

"Nur Otan": 2025 жылға дейін кентаулық 3600 отбасы тұрғын үймен қамтылады

ZOOM платформасы арқылы өткен жиында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндірді.

— Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші. Біз денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш саламыз – деді үміткер Жанат Тоғайбекова.

«Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасына сәйкес Шорнақ, Ескі Иқан, Қарнақ елді мекендерін медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге, Қарнақ ауылындағы жабылып қалған аурухананы стационарлық-емхана ретінде қайта ашуға, жас мамандарды ауылды жерлерге тартуға ықпал етпек.

Бұл шаралар 2025 жылға қарай өмір сүру ұзақтығын 73,3 жасқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді деген жоспар бар.

Кездесуде Баймахан Сүлейменов өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы басымдықтарды айтып өтті.

— Мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына тұрғын үйдің қолжетімді болуын қолдайды. Қалада 5000-ға жуық адам тұрғын үй кезегінде тұр.  2025 жылы бір адамға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін 22,8-ден 23,7 шаршы метрге дейін жеткіземіз.  Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2021 жылы – «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 1200 пәтерлік 48 тұрғын үй  құрылысын, 2022 жылы – «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 1200 пәтерлік 48 тұрғын үй  құрылысын, 2023 жылы – «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 1200 пәтерлік 48 тұрғын үй құрылысын жүргізуге ықпал етеді. Сондай-ақ 2021-2025 жылдар аралығында жеке тұрғындар қаржысы есебінен қаланың оңтүстік-шығыс аймағында 355 га егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша 150 га учаскеде 1500 жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге күш салады – деді ол.

Нәтижесінде 2025 жылға дейін қолжетімді тұрғын үймен 3600 отбасы қамтамасыз етіледі.

Басқосуда тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар кең көлемде жауаптар берілді.

"Nur Otan"  партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

0
0
1298

Сайлауалды бағдарламаны түсіндірді

«Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер болып ұсынылған Хайрулла Қожабаев қалалық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған "Әжелер алқасының" мүшелерімен кездесті.

Онда сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

«Nur Otan» партиясы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салады.

0
0
178

«Ауыл – ел бесігі» жобасы жалғасады

«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа ұсынылған үміткерлер Қалыйма Жантөреева, Кеңес Әуен, Жанат Тоғайбекова, Баймахан Сүлейменов, Насиба Атаев, Мұрат Садуов, Марина Лимаренко, Данияр Юнусалиев  Ескі Иқан ауылының тұрғындарымен кездесті. Әрбір үйді аралап, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.

«Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды.

Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады.

Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.

0
0
216

«Nur Otan» партиясы ұлттық спортты дамытуға ықпал етеді

"Nur Otan" партиясынан облыстық мәслихатқа ұсынылған үміткерлер  Қалыйма Жантөреева, Кеңес Әуен, Жанат Тоғайбекова, Баймахан Сүлейменов, Насиба Атаев, Мұрат Садуов, Марина Лимаренко, Данияр Юнусалиев әрбір үйді аралап, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.

Партия алдағы бес жылға арналған өз жоспарын ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортпен айналысуға бағыттайтын болады.

«Nur Otan» партиясы 2025 жылы қалада халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейін 33%-ға жеткізуді көздейді. Бұл үшін Бабайқорған және Ескі Иқан ауыл округтерінен 2 спорт кешенінің  құрылысына, қала ішінде балаларға арналған 60 аула алаңшаларын орналастыруға,  жасөспірімдер мен балалар спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, ұлттық спортты дамытуға ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 33%-ға дейін ұлғаяды

0
0
151

Қоғамдық қабылдау жалғасуда

«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалы сайлауалды қоғамдық штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Кентау қалалық мәслихаттығына кандидат Утебаев Асылбек Бакитбекович және штаб мүшесі Алдыбаев Дархан Ермаханұлы қабылдау өткізді.

Қабылдауға 7 азамат өтініш білдірді. Олардың мәселелері бойынша ҚР заңдылықтарына сәйкес түсініктеме берілді.

«Nur Otan» – нақты істер партиясы!

«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!

Бізге дауыс бер!

0
0
219

«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы

«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалы сайлауалды қоғамдық штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Кентау қалалық мәслихаттығына кандидат Асаев Артур Валиханович және штаб мүшесі Алдыбаев Дархан Ермаханұлы қабылдау өткізді.

Қабылдауға 10 азамат өтініш білдірді. Олардың мәселелері бойынша ҚР заңдылықтарына сәйкес түсініктеме берілді.

«Nur Otan» – нақты істер партиясы!

«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!

Бізге дауыс бер!

0
0
224