«Есіктен есікке» акциясы
Бүгін Алматы қаласы «Nur Otan» партиясының мәслихат депутаттығына үміткер Бадаева Роза Кеңесханқызы «Есіктен есікке» шарасының аясында тұрғындармен кездесті. Шараның аты айтып тұрғандай, үміткер аудан тұрғындарының есігін қағып, олардың жағдай-жайын білді. Оларға «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан ауқымды жұмыстарын баяндап, алдағы бес жылдыққа негізделген сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
