«Ауыл – ел бесігі» жобасы жалғасады
«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа ұсынылған үміткерлер Қалыйма Жантөреева, Кеңес Әуен, Жанат Тоғайбекова, Баймахан Сүлейменов, Насиба Атаев, Мұрат Садуов, Марина Лимаренко, Данияр Юнусалиев Ескі Иқан ауылының тұрғындарымен кездесті. Әрбір үйді аралап, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.
«Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды.
Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады.
Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.
