Мазмұнға өту

Жаңа

«Nur Otan» партиясы республикалық сайлауалды штабының алғашқы отырысы өтті.

Штаб құрамына қоғамдық пікір көшбасшылары, партия белсенділері мен партиялық тізімге енген кандидаттар қатарынан 400-ден астам адам кірді.«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының басшысы Бауыржан Байбек атап өткендей, 216 өңірлік сайлауалды штаб жұмысына еліміздің 7 мыңдай белгілі де беделді азаматтары жұмылдырылған. Бұлардың қатарында праймериз жеңімпаздары, қоғам қайраткерлері, қызметтегі депуттар және басқалар бар. Олардың әрқайсысына арнап жеке үгіт-насихат жоспары және сайлаушылармен кездесу кестесі әзірленген.«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев тапсырғандай, үгіт-насихат науқаны аясында біз сайлаушыларды 100% қамтуға тиіспіз. Бұл үшін барша партияластар, әсіресе, кандидаттар сайлау науқанына белсене атсалысуы керек. Пандемияны ескере отырып, қарқынды да нақты…

0
0
172

Жастар - әрбір мемлекеттің болашағы.

"Nur Otan" партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Б.Жакупов Ақтоғай ауданы бойынша "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру үшін" Jas Otan " ЖҚ өкілдерімен онлайн кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты Ақтоғай ауданындағы "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру. Жастар - әрбір мемлекеттің болашағы. Ақтоғай ауданында 3 мыңнан астам жас тұрады. «Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарды жан-жақты қолдауды күшейтеді. 2025 жылға қарай біздің негізгі міндетіміз мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жастарды ауылдық жерлерге тарту, олардың шығармашылық тұрғыдан дамуын, әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау.«Nur Otan» партиясы жастарды жан-жақты қолдауды күшейтеді.10 қаңтарда барлық тұрғындарды «Nur…

0
0
126

Қалалық штаб мүшелерінің жеке кәсіпкерлермен кездесуі.

2020 жылдың 23 желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясы Приозерск қалалық филиалының конференц залында қалалық штаб мүшелерінің жеке кәсіпкерлермен кездесуі өтті.

Штаб мүшелері қала аумағындағы жеке кәсіпкерлерге “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, бағдарламаға сәйкес шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, туризмнің дамуын қолдау, тұрғындардың табыс және өмір сүру деңгейін көтеру бойынша жоспарлар талқыланды.

📷Баршаңызды “NUR OTAN» партиясына 10 қаңтар күні дауыс беруге шақырамыз.

БІЗ ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz

0
0
108