Мазмұнға өту

Жаңа

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Шабанбай би ауылдық округі тұрғындарымен кездесу.

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Қ.Мұсаханов, Р.Абеуов, Т.Қарашолақов Шабанбай би би ауылдық округі тұрғындарымен Ақтоғай ауданы бойынша "Nur Otan"партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында үгіт-насихат кездесуі өтті. Кездесу барысында кандидаттар сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндірді. "Nur Otan" партиясы ауыл азаматтарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Бұл бағытта "Ауыл – Ел бесігі" және "Құтты мекен"жобаларын іске асыру жалғасатын болады. Біз 2025 жылға қарай тұрғындардың 95% - ын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз және қанағаттандыраралық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін 90%-ға арттыру.

Құрметті Ақтоғай  ауданының тұрғындары, Сіздерді дауыс беруге белсенді қатысуға және бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу, "Nur Otan"партиясы үшін дауыс беруге шақырамыз! Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

ПОСТ С ФБ 

0
0
202

"NurOtan" партиясынан кандидаттар №21 қалпына келтіру пойызы мекемелерінде ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ өткізді.

"NurOtan" партиясынан кандидаттар №21 қалпына келтіру пойызы мекемелерінде ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ өткізді.

Мекеме басшысының келісімімен өткен кездесулерде мекеме қызметшілеріне партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Жиынға қатысушылар Жаңаарқа кентінде темір жолдың екі жағында тұратын тұрғындардың осы жолдардан қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін көпір салу, аудан орталығында орналасқан темір жол саласы мекемелерінің қызметі барысында орын алатын ауаның ластануы және басқа да бірқатар маңызды сұрақтарды көтерді.

Партия кандидаттары аталған сұрақтардың партия филиалына мәлім екенін айтып, қолға алынған шаралар жөнінде жауап берді.

Кездесулер барысында көтерілген мәселелер партия филиалының назарында болады.

Кездесу соңында кандидаттар сайлаушыларды 2020 жылғы 10 қаңтар күні сайлау учаскелеріне келіп, "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
207

«Nur Otan» партиясы республикалық сайлауалды штабының алғашқы отырысы өтті.

Штаб құрамына қоғамдық пікір көшбасшылары, партия белсенділері мен партиялық тізімге енген кандидаттар қатарынан 400-ден астам адам кірді.

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының басшысы Бауыржан Байбек атап өткендей, 216 өңірлік сайлауалды штаб жұмысына еліміздің 7 мыңдай белгілі де беделді азаматтары жұмылдырылған. Бұлардың қатарында праймериз жеңімпаздары, қоғам қайраткерлері, қызметтегі депуттар және басқалар бар. Олардың әрқайсысына арнап жеке үгіт-насихат жоспары және сайлаушылармен кездесу кестесі әзірленген.

«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев тапсырғандай, үгіт-насихат науқаны аясында біз сайлаушыларды 100% қамтуға тиіспіз. Бұл үшін барша партияластар, әсіресе, кандидаттар сайлау науқанына белсене атсалысуы керек. Пандемияны ескере отырып, қарқынды да нақты бағдарланған жұмыс жүргізу маңызды. Біз көп адам жинайтын ауқымды іс-шаралар емес, шағын жиындарға көшеміз. Нақты әлеуметтік топтар – зейнеткерлер, жұмысшылар, аграршылар, мұғалімдер және дәрігерлермен кездесеміз. Оларды толғандырған мәселелерді жан-жақты талқылап, сайлауалды бағдарламада көрсетілген мәселелердің нақты шешімін әрбір сайлаушыға қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізу қажет. Шалғай ауылдарға дейін бару керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыра отырып, біз көпшіліктің мәселесін тыңдап қана қоймай, оларды шешуіміз керек. Біз партия мен қоғам арасындағы кері байланысты нығайтып, азаматтардың талап-тілектерін жинауға тиіспіз. Үгіт-насихат науқанымыздың басты қағидасы –  тұрғындармен тікелей және шынайы диалог орнатуға негізделеді», – деп атап көрсетті Бауыржан Байбек.

0
0
191

Жастар - әрбір мемлекеттің болашағы.

"Nur Otan" партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Б.Жакупов Ақтоғай ауданы бойынша "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру үшін" Jas Otan " ЖҚ өкілдерімен онлайн кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты Ақтоғай  ауданындағы "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру. Жастар - әрбір мемлекеттің болашағы. Ақтоғай ауданында 3 мыңнан астам жас тұрады. «Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарды жан-жақты қолдауды күшейтеді. 2025 жылға қарай біздің негізгі міндетіміз мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жастарды ауылдық жерлерге тарту, олардың шығармашылық тұрғыдан дамуын, әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау.

«Nur Otan» партиясы жастарды жан-жақты қолдауды күшейтеді.

10 қаңтарда барлық тұрғындарды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамыз.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

ПОСТ С ФБ 

0
0
144

Қалалық штаб мүшелерінің жеке кәсіпкерлермен кездесуі.

2020 жылдың 23 желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясы Приозерск қалалық филиалының конференц залында  қалалық штаб мүшелерінің жеке кәсіпкерлермен кездесуі өтті.

Штаб мүшелері қала аумағындағы жеке кәсіпкерлерге  “Nur Otan”  партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, бағдарламаға сәйкес шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, туризмнің дамуын қолдау, тұрғындардың табыс және өмір сүру деңгейін көтеру бойынша жоспарлар талқыланды.

❗️Баршаңызды “NUR OTAN» партиясына 10 қаңтар күні дауыс беруге шақырамыз.

БІЗ ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz

0
0
130