Мазмұнға өту

Жаңа

"Тікелей эфир" Облыстық маслихат депутаттығына кандидат Алия Ақжолтайқызымен !

2020жылдың 22желтоқсан күні облыстық маслихат депутаттығына кандидат Алия Ақжолтайқызы онлайн форматта тікелей эфирде желі қолданушыларымен жүздесті .

Кездесу барысында Алия Ақжолтайқызы желі қолданушыларымен ашық сұхбат құрып,сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар , сайлауалды бағдарламаның жоспарын түсіндіріп, Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
126

"Есіктен - есікке" акциясы

2020жылдың 22желтоқсан күні аудандық маслихат депутаттығына кандидат Жамал Оқаева аудан тұрғындарымен "Есіктен - есікке" акциясын жүргізді . Акция барысында аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,сұрақтарға жауап берілді. Жамал Оқаева үгіт - насихат жұмыстарын жүргізе келе аудан тұрғындарын Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
208

Кандидат Г.Орынбаева ауыл тұрғындарымен "Есіктен есікке " акциясын өткізді.

Аудандық маслихат депутаттығына кандидат Орынбаева Гульзат 2020 жылдың 22желтоқсан күні ауыл тұрғындарымен "Есіктен есікке " акциясын өткізді. Акция барысында аулы тұрғындарына үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп,сұрақтарға жауап берілді. Гульзат Орынбаева ауыл тұрғындарының талап - тілектерін тыңдап,үнемі байланыста болатындығын жеткізді.

0
0
176

Кандидаттар Үлкен Ақсу ауылында орналасқан "Күншуақ" балабақшасына барып қайтты

Бүгін 23желтоқсан күні облыстық және аудандық маслихат депутаттығына кандидаттар Үлкен Ақсу ауылында орналасқан "Күншуақ" балабақшасына барып қайтты. Кездесу барысында үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп,сайлауалды бағдарламаның бағыттары түсіндірілді. Алдағы уақытта сайлауалды бағдарламада көрсетілген бағыттарға сәйкес 2025 жылға қарай 3жастан 6жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамту көзделді . Осы мақсатта шағын орталықтарда қосымша топтар ашылатындығы айтылды. Кандидаттар бұл балабақша жұмысын жақсартуға үлкен мүмкіндік екендігін жеткізіп балабақша қызметкерлеріне алдағы сайлауда дауыс беруге шақырды.

0
0
246

Кіші Ақсу ауылында орналасқан "Ipar” балабақшасының қызметкерлерімен кандидаттардың кездесуі.

23желтоқсан күні облыстық маслихат депутаттығына кандидат Алия Ақжолтайқызы мен аудандық маслихат депутаттығына кандидат Маулен Нұров, Алимжан Ашимов , Дуйсенбайқызы Анар, Орынбаева Гульзат , Нұрсұлтан Болатұлы ,Еркебұлан Нұржақыпов және Бибігул Абдилова Кіші Ақсу ауылында орналасқан "Ipar” балабақшасының қызметкерлерімен кездесіп,үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп қайтты. Кездесу барысында балабақша қызметкерлерінің жасап жатқан жұмыстарына алғыстарын білдіріп, табыс тіледі .

0
0
142

Кіші Ақсу ауылының тұрғындарымен кездесу .

Бүгін облыстық маслихат депутаттығына кандидат Алия Ақжолтайқызы мен аудандық маслихат депутаттығына кандидат Маулен Нұров, Бибігул Абдилова, Алимжан Ашимов, Дуйсенбайқызы Анар,Орынбаева Гульзат , Нұрсұлтан Болатұлы және Еркебұлан Нұржақыпов Кіші Ақсу ауылына ат басын бұрып, ауыл тұрғындарымен кездесіп қайтты. Кездесу барысында көшбасшы партиямыздың атқарған жұмыстары мен алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстары туралы айтылды. Сонымен қатар ,ауыл тұрғындарының талап - тілектерін тыңдап,сұрақтарына жауап берілді.

0
0
204

Кандидаттардың Су құбыры мекемесі қызметкерлерімен кездесуі

2020жылдың 21желтоқсан күні облыстық маслихат депутаттығына кандидат Алия Ақжолтайқызы мен аудандық маслихат депутаттығына кандидат Турдалі Нұргүл, Орынбаева Гулзат , Есжан Нұрәкім , Илахунов Абдуманап, Тохсунов Заиндин , Дуйсенбайқызы Анар , Арлен Османов ауданымыздағы су құбыры мекемесіне барып қайтты. Кездесудің негізгі мақсаты - мекеме қызметкерлеріне сайлауалды бағдарламаның бағыттарын түсіндіру , Nur Otan партиясының алдағы бесжылдыққа қойған жоспарларымен таныстыру.

0
0
240

2020жылдың 20желтоқсан күні Алия Ақжолтайқызы аудан тұрғындарымен кездесіп,үгіт - насихат жүргізді.

2020жылдың 20желтоқсан күні облыстық маслихат депутаттығына кандидат Алия Ақжолтайқызы аудан тұрғындарымен кездесіп,үгіт - насихат жұмыстарын жүргізіп қайтты. Кездесу барысында аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

0
0
139

Алия Ақжолтайқызы 18.12 күні желі қолданушыларымен тікелей эфирде кездесу өткізді .

Облыстық маслихат депутаттығына кандидат Алия Ақжолтайқызы 18желтоқсан күні желі қолданушыларымен тікелей эфирде кездесу өткізді . Кездесу барысында желі қолданушыларының сұрақтарына жауап беріп,түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

0
0
118

Н.Болатұлы мен ЕНұржақыпов ауданымыздың құрметті азаматы Табылдиев Дәулеткелді ағамызбен кездесті.

2020жылдың 19желтоқсан күні аудандық маслихат депутаттығына кандидат Нұрсұлтан Болатұлы мен Еркебұлан Нұржақыпов ауданымыздың құрметті азаматы Табылдиев Дәулеткелді ағамызбен кездесіп қайтты. Кездесу барысында ағамыз батасын беріп,ізгі тілегін білдірді.

0
0
160