Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақтау ауылдық округі тұрғындарымен кездесті

Ақтау ауылдық округі тұрғындарымен кездесті

Баршаңызға белгілі 2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елімізде Парламент мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Осыған орай ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында елімізде партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды. Үгіт-насихат жүргузу мақсатында аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Л.Жұбанышқалиева, А.Мақашев, Н.Мусенов, Т.Сисенгалиев Ақтау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Алдымен үй-үйді аралап ауыл ақсақалдарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кейін ауылдық округ мәдениет үйінде кандидаттардың ауыл тұрғындарымен кездесуімен жалғасын тапты. Алғаш сөз алған үміткер Люция Жұбанышқалиева бүгінгі таңдағы аудан көлеміндегі атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта да игі істердің жалғасатынын айтты. Кездесу барысында сөз алған ауыл тұрғыны А.Жұмашева "Nur Otan" партиясына дауыс беретіндігін жеткізді. Жұмыстастарымда осы партияны қолдайтынын, міндетті түрде сайлауға баратынын тілге тиек етті.

Аталмыш кездесуге жиналған ауыл тұрғындары сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

0
0
177

Осы тақырып бойынша