Мазмұнға өту

Жаңа

"Амангелді" балық шаруашылық мекемесінде кездесу өткізді.

Қалалық кандидаттар, партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Қаршыға Джауымбаев, партиялық бақылау комиссия мүшелері Айгуль Амиргалиева, Нәсіп Шалабаева "Амангелді" балық шаруашылық мекемесінде кездесу өткізді. Тарихы өткен ғасырдың 1934 жылы басталған бұл жерде осы күнге дейін ата кәсібін дөңгелетіп келе жатқан үлкен ұжым жұмыс жасайды. Цехтарда таза, жарық, балық өңдеу цехтарында жұмыс қайнап жатыр. Балық шаруашылық мекемесінде күніне 2,5 тонна 80-нен аса дайын балық өнімін шығарады. Жалпы мекеме бойынша бүгінгі таңда көптеген мәселелер шешілген. Кездесу барысында жайықтың тартылу, ММС-тарды жаңғырту, теңізге шығатын қайыктардың қымбаттылығы турасында мәселелер көтерілді.

0
0
163

Канвассинг форматтағы кездесу

«Nur Otan» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Берік Әбдіғалиұлы ауыл тұрғындарымен канвассинг форматта кездесіп партияның Сайлауалды бағдарламасы мен алдағы бес жылдық жоспарын түсіндірді. Сондай-ақ, азаматтарды алаңдатқан түйткілді мәселелерін тыңдап, партия назарына алынатынын жеткізді. Алдағы сайлауда, «Nur Otan» партиясына қолдау көрсетіп, дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясының Қарағанды облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

0
0
158

"NurOtan" партиясының Жаңаарқа аудандық сайлауалды штабының жұмысы

"NurOtan" партиясының Жаңаарқа аудандық сайлауалды штабы мен Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Ж.С.Рыспеков Қызылжар кенті мен Түгіскен ауылдарында тұрғындармен агитациялық кездесулер өткізді. Партия кандидаттары Ө.Уалиев, Қ.А.Имантүсіпов, Ж.Рыспеков, Т.Мұсаев, Н.Орынбасарова, М.Абдықалықова, Н.Тұтқышев партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын түсіндіріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында кандидаттар тұрғындарды 2020 жылғы 10 қаңтар күні сайлау учаскелеріне келіп, "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қарағанды облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

0
0
156

Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек іссапармен облысымызға ат басын тіреді.

Бүгін "Nur Otan" партиясының Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек іссапармен облысымызға ат басын тіреді.Бауыржан Қыдырғалиұлы белсенді жастармен кездесуде Сайлауалды науқанындағы жұмыстарына алғыс білдіріп, жастарға беріліп отырған мүмкіндіктерді оның ішінде партиялық тізімде жастарға бөлінген 20%-дық квотаның сақталуын қамтамасыз етуін,"Жастар-Отанға" бағдарламасы арқылы жастарға жоғары білімге арналған гранттар санын 50% көбейту, студенттер стипендиясын 2 есе өсуі, жас ғалымдарды қолдау бағытында болатын жұмыстарға тоқталып өтті.Кездесу соңында Бауыржан Қыдырғалиұлы аймақтарға жасаған іссапары бойынша өңірімізде атқарылған жұмыстарға жоғары бағасын беріп, атыраулықтарға үлкен сенім мен ризашылығы ретінде өзінің имидждік жейдесін (бомбер) тарту етті!Бұл өзіме жүкт…

0
0
195

"NurOtan" партиясының сайлауалды агитациялық жұмысы

"NurOtan" партиясының сайлауалды агитациялық жұмысы барысында Жаңаарқа ауданында кандидаттардың сайлаушылардың өз үйлерінде кездесу жұмыстары жалғасуда. ҚР Парламент Мәжілісіне кандидат Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы мен Қарағанды облыстық мәслихатына кандидат Рыспеков Жәнібек Сайлаубекұлы ауданның танымал азаматтар Абажанов Амангелді және Хамзе Сатжанұлымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде әңгімелесті. Ауданға еңбегі сіңген аға буын өкілдері, "NurOtan" партиясының атқарып отырған жұмысын жоғары бағалап, алдағы сайлауалды бағдарламасында көзделген басым бағыттарын қолдайтынын және мақсатқа жету жолында аудан тұрғындарын "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақыратынын жеткізді. Ақсақалдар кездесуге арнайы келген кандидаттарға алғысын айтып, батасын берді.«Nu…

0
0
192

Қайыршақты ауылдық округі тұрғындарымен кездеcу өтті

Бүгін желілік кестемізге сәйкес Ислам Исағалиұлы, Бағыт Кеңесқызы, Бибінұр Бүркітқызы бастаған қалалық мәслихат депутаттығына үміткер әріптестеріммен Қайыршақты ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп "Nur Otan "партиясының сайлау алды бағдарламасын таныстырып, тұрғындардың ұсыныс пікірлерін тыңдадық.

@nur_otan_atyrauoblysy

@nurotan.gorod

#jeniskebirgejetemiz

0
0
195

Қоғамдық қабылдау жүргізілуде

Үстіміздегі жылдың 11 желтоқсанынан бастап «Nur Otan» партиясының партиялық тізіміне енгізілген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенімді өкілдері азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдауды, сонымен қатар, онлайн форматта қабылдауды 2021 жылдың 8 қаңтарына дейін жүргізеді. Қазіргі кезде партиялық тізімге енген кандидаттар мен партияның сенімді өкілдері 393 қабылдау өткізіп, 1875 азаматтың сұраныстары мен өтініштерін тыңдады. Бұл жұмысқа партияның сенімді өкілі Меруеш Башай да белсене ат салысты. Өз сөзінде ол: "Бүгін Қарағанды облыстық "Nur Otan" партиясы сайлау алды штабында азаматтармен қабылдау өткіздім. Nur Otan партиясының сайлау алды бағдарламасын таныстырдым.Қарағанды облысы бойынша "NurOtan" партиясының сайлау алды бағдарламасы аясында кәсіпорындарды қайта жаңғырту, агро өнеркә…

0
0
318

«Есіктен есікке» акциясы

Шараның аты айтып тұрғандай, үміткерлер өңір тұрғындарының есігін қағып, олардың жағдай-жайын білді. Оларға «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан ауқымды жұмыстарын баяндап, алдағы бес жылдыққа негізделген сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

0
0
178

Бағдарлама бойынша кәсіпкерлерге несие беріледі

Бағдарлама бойынша кәсіпкерлерге несие беріледіҚалалық мәслихат депутаттығына үміткер Мұхиджан Кәрімбаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мүшелерімен кездесті. Сайлауалды бағдарламадағы негізгі басымдықтарға тоқталып, партия тарапынан барлық саланың даму бағытына сәйкес жоспарларды атап өтті. Сондай-ақ, кандидат цифрландыру мәселесі және өндірісті дамыту жайлы да тілге тиек етті.- Заман талабына сай цифрландыруға басымдық беруіміз керек. Жастар тәжірибе жинақтап, білім сапасын арттырған дұрыс. Осы және өзге де бағытта қолдау көрсету партия бағдарламасында қарастырылған. Аталған жоспарларды орындау үшін сіздердің қолдауларыңыз үлкен сенім береді, - деді Мұхиджан Кәрімбаев.Айта кетейік, сайлауалды бағдарламада «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасымен грант ұсынуға басымдық беріл…

0
0
163