Мазмұнға өту

Жаңа

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттың сенімді өкілдері Шашубай кентінің тұрғынымен кездесу.

2020 жылы 24 желтоқсанда облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттың сенімді өкілдері Шашубай кентінің қарт тұрғыны,  көпбалалы ана үйінде кездесу өткізді.

Серикова Алтынбала Алматы облысы, Қарой ауылында 05.09.1930 дүниеге келген. 90 жастағы көпбалалы ананың 10 баласы,15 немересі, 6 шөбересі,  4 шөпшегі бар.

Канвассинг барысында облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттың сенімді өкілдері «Nur Otan»  партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді.

Бүгінгі таңда аудан тұрғындары «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.

Біз Сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

ПОСТ С ФБ

0
0
291

"Талап" сауда үйінің кәсіпкерлерімен кездесу

«Талап» сауда орталығында кәсіпкерлермен жүздесіп олардың ой пікірлерін тыңдап, партияның алдағы бес жылға жоспарланған сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, партияға дауыс беруге шақырдық.

0
0
189

Бекболат Тілеухан Орал шаһарындағы көпбейінді қалалық ауруханасы ұжымымен кездесті

Өңірімізге сайлауалды үгіт-насихат тобымен келген республикалық сайлау штабының мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан Орал шаһарындағы көпбейінді қалалық ауруханасы ұжымымен кездесті.

-Елдегі дұрыс жүргізілген саясаттың арқасында мемлекетіміз жақсы дамып келеді. Мұның бәрі бейбітшілік заманның арқасы. Сондықтан осы ігі істер жалғасын тапсын десек алдағы сайлауда "Nur Otan"  партиясына дауыс беруге шақырамын,-деді Б.Тілеухан.

@nur_otan

@bekbolat.tleukhan

#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo

қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

преодолев испытания, победим вместе!

0
0
192

Қоғамдық қабылдау

Қоғамдық қабылдау

Атырау облыстық маслихат депутаттығына үміткер, «Nur Otan» партиясы Индер аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Гильманов Қайырлы Нарынбайұлы  тұрғындарды қабылдады. Қабылдау барысында партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
176

Дәрігерлермен кездесті

«Nur Otan» партиясының облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер құрамында «Атырау облыстық кәсіподақтар орталығы», аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ізтұрған Баймұқанов, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Абдулла Идресов, «АВ Меdical» ЖШС директоры Айбек Габдуллин бар арнайы топ Индер аудандық мәдениет үйінде аудан дәрігерлерімен кездесті.

Кездесуде «АВ Меdical» ЖШС директоры Айбек Габдуллин партияның басты ұстанымы халықтың әл-ауқатын арттырып, өмір сүру сапасын одан әрі жақсарту екенін ерекше атап өтті. Биылғы пандемия кезінде ең алдымен ауыртпалық осы дәрігерлерге түсті. Сын сағатта саулығы сыр берген ағайынның қасынан табылып, қолдан келгенше ем-домын жасап қатарға қосты. Көпшіліктің ең алдымен айтар алғысы осы дәрігерлер қауымына арналады. Себебі уақытпен санаспай, күн-түн демей еселі еңбек еткен оларға қоғам ерекше құрметпен қарайтыны анық. Жас маман-дәрігер Айгерім Рахметова өзінің сөзінде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектің аз емес екенін, өзіне артылған жауапкершілікті терең сезінетінін айрықша атап өтті.

-Биылғы жыл дәрігерлер үшін сын сағатқа толы болды. Тосыннан келген індет елдің жағдайын ауырлатты. Әр адамның тағдыры үшін дәрігерлер өз бастарын қатерге тікті. «Гиппократ антына» адал болуға тырысты. Әрине жүректі сыздатқан жағдайлар болды. Десек те көп адамның қатарға қосылып кетулеріне сүбелі үлес қосты. Сол кезде «Nur Otan» партиясы «Біз біргеміз» акциясы аясында халықтың ортасынан табылып, өз көмегін көрсетті. Мүмкіндікке қарай іскер азаматтарды ортақ жұмысқа жұмылдыра білді. Соның арқасында көптеген қиындықтар еңсерілді. Елдің еңсесі көтерілді, - деді ол.

Ауданда мемлекеттік «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жастарды жұмысқа орналастыру жыл сайын артып келеді. Жалпы ауданда 14-29 жас аралығындағы жастардың үлес салмағы 8060 адамды құрайды. Ол аудан халқының 23% пара-пар. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі де ұдайы назарда болады. Жан-жақты қабылданған шаралардың нәтижесінде аудан жастарының жұмыссыздық деңгейін 2,4 пайыздан 1,7 пайызға төмендету жоспарланып отырғаны да айтылды.

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, «Nur Otan» партиясының Индер ауданық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әлия Қарашина, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының Индер газ шаруашылығының директоры Сағидолла Құлғалиев та сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдіріп, халықтың әл-ауқатын жақсарта түсуге баса назар аударып отырған партияға дауыс беруге шақырды.

С. ЕРСАЙЫНҰЛЫ

«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

0
0
260

"Есіктен есікке" акциясы.

Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттығына үміткердің  сенімді өкілі Шашубай кентінде  "Есіктен есікке" акциясын өткізді. Акция барысында  олар кент   тұрғындарын "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерімен таныстырып,  дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды, әрбір дауыс біз үшін маңызды! #NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

ПОСТ С ФБ

0
0
187

Тұрақтылық пен дамудың негізіне айналған "Nur Otan" партиясымен

Үгіт-насихат науқаны кезінде барлық ұжым мен қала халқын қамту маңызды. Себебі, олар 10 қаңтарда сайлауға қатысып, елдің болашағын бағамдайтын кандидаттарды таңдайды. "Nur Otan" партиясы атынан сайлауға түсіп жатқан Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Бауыржан Шыңғысов пен Силар Қияқбаев, қалалық мәслихатқа үміткер Жанар Салықова бұл жолы мамандандырылған энергия жөндеу басқармасына атбасын бұрды.

Кандидаттар еңбеккерлердің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, оларды толғандыратын мәселерден хабардар болды да партияның 2025 жылға дейінгі "Өзгерістер жолы: әр қазақстандыққа лайықты өмір" атты сайлауалды бағдарламасында қамтылған негізгі бағыттарды жеткізді. Тұрақтылық пен дамудың негізіне айналған "Nur Otan" партиясымен бірге қиындықтық еңсеруге шақырған кандидаттар энергетиктердің қолдауына ие болды.

@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
165

"Аяз Атаның жаңа жылдық шеберханасы" атты шеберлік сабағын онлайн форматта

"Аяз Атаның жаңа жылдық шеберханасы" атты шеберлік сабағын онлайн форматта "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" жастар қанатының Жезқазған аймағы бойынша төрайымы Нұргүл Талғатбекова өткізді.
"Zoom" платформасында ұйымдатырылған конференцияға қосылған жезқазғандық белсенді жастар өз қолымен жаңа жылдық безендіру бұйымдарын жасауды үйренді. Бір сағатқа созылған шеберлік сағатында жастар қарапайым қағаз бен түрлі түсті бояулардың көмегімен үйдің немесе кеңсенің көркін кіргізуге болатынын ұқты.

@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021 

0
0
189

Елімізде «Nur Otan» партиясының үгіт - насихат науқанының 2-ші кезеңі басталды.

«Nur Otan» партиясынан  қалалық депутаттыққа үміткерлер  М. Дощанов, Б. Жүсіп, Б.Шагирова Yessenov University ұжымымен кездесті. Сондай - ақ, кездесуге  университеттің белсенді оқытушылары Касымбек Айдаш, Саубетова Бибигуль, Омарова Айжан, Акберов Закир,  Мамбеталиева Гульсара,  Есеева Ляззат, Сатжанов Бисембай қатысты.

Шара барысында кандидаттар партияның  сайлауалды бағдарламасын  жариялап, аймақтың даму перспективаларын талқылады. Партия ұсынып отырған нақты шараларға тоқталып, соның ішінде білім мен ғылым салалаларын дамытуға бағытталған жобалар туралы айтып берді.  Мәселен, еліміздің ғылым саласын өркендету жолында өршіл қадамдар жасалуда. Қазіргі таңда  елімізде  ғылымды қаржыландыру көлемін 7 есе көбейтіп, 2025 жылға қарай ІЖӨ-нің 1 пайызына жеткізу-басты меже етіп қойылып отыр деп атап өтті үміткерлер. Бұдан бөлек, бағдарлама аясында  жалпы халықтың әл- ауқатын жақсартуға арналған бағдарламалар мен  өңірде атқарылатын шараларға тоқталды.

Сонымен қатар, университет ұжымы мен қатысушылар бірқатар мәселелерді көтеріп, шешу жолдарын талқылады. Көтерілген өзекті мәселелер партия бақылауында болмақ.

0
0
277

Кездесу өтті

Кездесу өтті

Аудандық «SAMGAU» коворкинг орталығында Облыстық маслихат депутаттығына үміткер Аскар Ликеров, аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер Люция Жұбанышқалиева, Эльмира Дакишева, Ақжарқын Нагиева сайлаушылармен кездесу өтті. Жиынға  "Білім" бастауыш партия ұйымы мүшелері мен "Сәулет" мектеп-лицейі ұжымы қатысты. Онда партияның сайлауалды бағдарламасы жайлы ақпараттар тілге тиек болды.

 Шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

0
0
130