Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тұрақтылық пен дамудың негізіне айналған "Nur Otan" партиясымен

Үгіт-насихат науқаны кезінде барлық ұжым мен қала халқын қамту маңызды. Себебі, олар 10 қаңтарда сайлауға қатысып, елдің болашағын бағамдайтын кандидаттарды таңдайды. "Nur Otan" партиясы атынан сайлауға түсіп жатқан Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Бауыржан Шыңғысов пен Силар Қияқбаев, қалалық мәслихатқа үміткер Жанар Салықова бұл жолы мамандандырылған энергия жөндеу басқармасына атбасын бұрды.

Кандидаттар еңбеккерлердің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, оларды толғандыратын мәселерден хабардар болды да партияның 2025 жылға дейінгі "Өзгерістер жолы: әр қазақстандыққа лайықты өмір" атты сайлауалды бағдарламасында қамтылған негізгі бағыттарды жеткізді. Тұрақтылық пен дамудың негізіне айналған "Nur Otan" партиясымен бірге қиындықтық еңсеруге шақырған кандидаттар энергетиктердің қолдауына ие болды.

@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
130

Осы тақырып бойынша

Тұрақтылық пен дамудың негізіне айналған "Nur Otan" партиясымен - Yvision.kz