Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елімізде «Nur Otan» партиясының үгіт - насихат науқанының 2-ші кезеңі басталды.

«Nur Otan» партиясынан қалалық депутаттыққа үміткерлер М. Дощанов, Б. Жүсіп, Б.Шагирова Yessenov University ұжымымен кездесті. Сондай - ақ, кездесуге университеттің белсенді оқытушылары Касымбек Айдаш, Саубетова Бибигуль, Омарова Айжан, Акберов Закир, Мамбеталиева Гульсара, Есеева Ляззат, Сатжанов Бисембай қатысты.

Шара барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын жариялап, аймақтың даму перспективаларын талқылады. Партия ұсынып отырған нақты шараларға тоқталып, соның ішінде білім мен ғылым салалаларын дамытуға бағытталған жобалар туралы айтып берді. Мәселен, еліміздің ғылым саласын өркендету жолында өршіл қадамдар жасалуда. Қазіргі таңда елімізде ғылымды қаржыландыру көлемін 7 есе көбейтіп, 2025 жылға қарай ІЖӨ-нің 1 пайызына жеткізу-басты меже етіп қойылып отыр деп атап өтті үміткерлер. Бұдан бөлек, бағдарлама аясында жалпы халықтың әл- ауқатын жақсартуға арналған бағдарламалар мен өңірде атқарылатын шараларға тоқталды.

Сонымен қатар, университет ұжымы мен қатысушылар бірқатар мәселелерді көтеріп, шешу жолдарын талқылады. Көтерілген өзекті мәселелер партия бақылауында болмақ.

0
0
238

Осы тақырып бойынша

Елімізде «Nur Otan» партиясының үгіт - насихат науқанының 2-ші кезеңі басталды. - Yvision.kz