Жаңа
"Nur Otan" партиясының Талдықорған қалалық сайлауалды қоғамдық қабылдауы
Ғалымжан Шалғынбаевпен өткен тікелей эфир
Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың білім өкілдерімен кездесуі
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Ержан Жасыбаев
«Есіктен есікке» акциясы
«Nur Otan» партиясы атынан Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Серәлі Нарбота, Абдиев Дархан, Меңдібаева Ұлмекен, Тәттібаев Жанболат, Нұрмағанбетов Әлімбек Қаракеткен ауылында болып, сайлаушылардың үйінде канвассинг кездесу өткізді. Үгіт-насихат жұмыстарының басты мақсаты да «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға бағытталған сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, осы уақытқа дейін партияның атқарған жүйелі жұмысын таразылау.
Кездесудің ерекшелігі кандидаттар ауыл тұрғындарының шаңырағында болып, келелі әңгімелесіп, толғандырған мәселелерін ескеріп, акциясы аясында партияның алға қойған басты міндеттерін жүзеге асырудағы нақты қадамдарымен таныстыру.
Осы орайда үміткерлер ауыл тұрғыны білім саласының ардагері Құлмаханова Айша апамызыдың үйінде болып қайтты. Ардагер ұстаз "Nur Otan" партиясының атқарып жатқан жұмыстарына көңілі толатындығын айтып, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке шақырды. Үміткерлер сүбелі сұқбат барысында ардагер ұстаздың еңбек жолымен танысып, партияның "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында игі істерді атап өтті. Аталмыш ауылдағы зейнеткер Уақбаева Шакенай, Тоғызбаев Абат сынды ардагерлердің үйлерінде болып, ақ батасын алды. Сонымен қатар жергілікті деңгейде атқарылатын жұмыстарды саралап берді. Үміткерлер ауданға қатысты ақжолтай жаңалықтармен бөлісіп, 2021 жылы 10 қаңтарда болатын сайлауға қатысып, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
Ақсу ауылына газ келеді
«Nur Otan» партиясы атынан Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Серәлі Нарбота, Абдиев Дархан, Меңдібаева Ұлмекен, Тәттібаев Жанболат, Нұрмағанбетов Әлімбектер Ақсу ауылы тұрғындарымен кездесті. Аталмыш кездесуге жиналған тұрғындарға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, әртүрлі салаларды ілгерілету бағытында жоспарланған жұмыстарды атап өтті. Тұрғындар үшін сапалы және жақсы жолдар мен инфрақұрылым болуы тиіс.
«Nur Otan» партиясы елді мекенішілік және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеу мәселесін шешетін болады ол үшін 2021 жылы бастап аудандық маңыздағы Ақсу ауылына баратын 2,3 шқ жолды орташа жөндеуден өтетіндігін және тұрғындардың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында елді мекенішілік жолдардың жөндеуден өтетіндігін, 2024 жылы ауылдық округ көше жарығына қол жеткізуге ықпал жасайтындықтарын айтып өтті. Ең басты ауыл тұрғындары үшін қуанышты жаңалық 2025 жылға дейін газ келетінін айтып, қуанышты жаңалықпен бөлісті. "Алдағы өтетін науқанда "Nur Otan" партиясы жеңіс тұғырынан көрінетін болса, келешегіміз кемелді болары анық. Себебі партия өзінің 5 жылға жоспарлаған бағдарламасында барлық азаматқа лайықты өмір сүру жағдайын жасауды көздеп отыр"-деді үміткер Әбдиев Дархан.
5 жыл көлемінде атқарылатын тындырымды істерге сәттілік тілеп, 2021 жылдың 10 қаңтарда болатын сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдайтындықтарын жасырмады.
Арқалық қалалық мәслихат депутатына үміткер Санжар Шубай
Арқалық қалалық мәслихат депутатына үміткер Санжар Шубай қала тұрғындарына Сайлау алды бағдарламасын таратты. Кездесу барысында қала тұрғындарының ұсыныстарын тындап, Партияның штабына айтылады. #nutotan #jenimpazbol #bizbirgemiz #jas_otan


Ж. Мұхамадиева ауданымызда бала тәрбиелеуші аналарды қабылдады
"Nur Otan" партиясы Тарбағатай аудандық филиалының бірінші орынбасары Ж. Мұхамадиева ауданымызда бала тәрбиелеуші аналарды қабылдап, отбасылық жағдайлары мәселелерін тыңдап, бағыт-бағдар берді.
“Экспромт-кездесу” аясында қала тұрғындарымен кездесу.
2020 жылдың 24 желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясының сенімді өкілдері "Юбилейный" және “Центральный” дүкенінде “Экспромт-кездесу” аясында қала тұрғындарымен кездесті.
Үміткерлер дүкенінің тұтынушыларына "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, бағдарламаға сәйкес әлеуметтік бағдарланған қала, мәдениет саласын дамыту, жастарға арналған қала бойынша жоспар түсіндірілді.
Сонымен қатар, қала тұрғындарына үгіт-насихат жұмысы аясында сайлауалды бағдарламасының 2025: 17 басымдығы және Приозерск қаласы бойынша “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша кітапшалар таратты!
Баршаңызды “Nur Otan” партиясына 10 қаңтар күні дауыс беруге шақырамыз.
ЖАҢА ЖЕҢІСТЕРГЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ!
ДОБЬЕМСЯ НОВЫХ ПОБЕД ВМЕСТЕ!
ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ!
ПРЕОДОЛЕВ ИСПЫТАНИЯ, ПОБЕДИМ ВМЕСТЕ!
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz
#jenimpazbol #jeniskejet #NurOtan #tanday2021 #nurotanmenbirge
@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai
