Ақсу ауылына газ келеді
«Nur Otan» партиясы атынан Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Серәлі Нарбота, Абдиев Дархан, Меңдібаева Ұлмекен, Тәттібаев Жанболат, Нұрмағанбетов Әлімбектер Ақсу ауылы тұрғындарымен кездесті. Аталмыш кездесуге жиналған тұрғындарға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, әртүрлі салаларды ілгерілету бағытында жоспарланған жұмыстарды атап өтті. Тұрғындар үшін сапалы және жақсы жолдар мен инфрақұрылым болуы тиіс.
«Nur Otan» партиясы елді мекенішілік және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеу мәселесін шешетін болады ол үшін 2021 жылы бастап аудандық маңыздағы Ақсу ауылына баратын 2,3 шқ жолды орташа жөндеуден өтетіндігін және тұрғындардың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында елді мекенішілік жолдардың жөндеуден өтетіндігін, 2024 жылы ауылдық округ көше жарығына қол жеткізуге ықпал жасайтындықтарын айтып өтті. Ең басты ауыл тұрғындары үшін қуанышты жаңалық 2025 жылға дейін газ келетінін айтып, қуанышты жаңалықпен бөлісті. "Алдағы өтетін науқанда "Nur Otan" партиясы жеңіс тұғырынан көрінетін болса, келешегіміз кемелді болары анық. Себебі партия өзінің 5 жылға жоспарлаған бағдарламасында барлық азаматқа лайықты өмір сүру жағдайын жасауды көздеп отыр"-деді үміткер Әбдиев Дархан.
5 жыл көлемінде атқарылатын тындырымды істерге сәттілік тілеп, 2021 жылдың 10 қаңтарда болатын сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдайтындықтарын жасырмады.
