«Есіктен есікке» акциясы
«Nur Otan» партиясы атынан Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Серәлі Нарбота, Абдиев Дархан, Меңдібаева Ұлмекен, Тәттібаев Жанболат, Нұрмағанбетов Әлімбек Қаракеткен ауылында болып, сайлаушылардың үйінде канвассинг кездесу өткізді. Үгіт-насихат жұмыстарының басты мақсаты да «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға бағытталған сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, осы уақытқа дейін партияның атқарған жүйелі жұмысын таразылау.
Кездесудің ерекшелігі кандидаттар ауыл тұрғындарының шаңырағында болып, келелі әңгімелесіп, толғандырған мәселелерін ескеріп, акциясы аясында партияның алға қойған басты міндеттерін жүзеге асырудағы нақты қадамдарымен таныстыру.
Осы орайда үміткерлер ауыл тұрғыны білім саласының ардагері Құлмаханова Айша апамызыдың үйінде болып қайтты. Ардагер ұстаз "Nur Otan" партиясының атқарып жатқан жұмыстарына көңілі толатындығын айтып, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке шақырды. Үміткерлер сүбелі сұқбат барысында ардагер ұстаздың еңбек жолымен танысып, партияның "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында игі істерді атап өтті. Аталмыш ауылдағы зейнеткер Уақбаева Шакенай, Тоғызбаев Абат сынды ардагерлердің үйлерінде болып, ақ батасын алды. Сонымен қатар жергілікті деңгейде атқарылатын жұмыстарды саралап берді. Үміткерлер ауданға қатысты ақжолтай жаңалықтармен бөлісіп, 2021 жылы 10 қаңтарда болатын сайлауға қатысып, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
