Мазмұнға өту

Жаңа

Мұқыр ауылындағы кездесу

Кездесуде сайлауалды бағдарламамен таныстырып, алдағы «Nur Otan» партиясының "әр тұрғынға лайықты өмір" мақсатында жоспарларын айтып өтті.Жиын соңында тұрғындар ауыз су мәселесін  және тағы да басқа бірқатар мәселелер бойыншаұсыныс-пікірлерін білдірді.

0
0
206

Фэйзбук желісінде тікелей эфир өткізілді

А.Бекішұлы эфир барысында тұрғындарға "Nur Otan"партиясының Исатай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырып және ондағы «Құтты мекен», «Ауыл-ел бесігі» жобалары жөнінде нақтылап айтты. 2025 жылға дейін жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үй құрылысын жалғастырып, Аққыстау ауылынан жалпы саны 3 қатарлы 60 пәтерлік 5 тұрғын үй құрылысын салуға, 2023 жылы Х. Ерғалиев , Нарын, Жанбай ауылдарына электр желісін жүргізуге жоспаланып отырғанын түсіндірді. Сондай-ақ, халықты толғандырған жол мәселесіне тоқталды. Оның ішінде 2021-2023 жылдары Аққыстау ауылының 16,3 шақырым ауылішілік жолдарын қайта жаңғыртуға, 2022 жылы Жанбай ауылының 9,5 шақырым ауылішілік жолдарын күрделі жөндеуге, 2022-2024 жылдары Х.Ерғалиев ауылының 8,5 шақырым ауылішілік жолдарын күрделі жөндеуге жоспарланып отырғанын айтты. Сөз соңында еліміздегі беделді партия- "Nur Otan"партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
217

Бәйдібек ауданы Тұрақты ауылының тұрғындарымен кездесті

Бәйдібек ауданы Тұрақты ауылының тұрғындарымен кездесіп "Нұр Отан" партиясының сайлау алды бағдарламасымен және  Бәйдібек ауданының 5-жылдық даму жоспарымен таныстырдық. Ауыл тұрғындарын мазалайтын сұрақтарды тыңдап жауап бердік. Аудандық мәслихатқа үміткерлер Б.Кенжебаев, Б.Ашрафи және А.Төрехан.

0
0
172

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттың Ақтоғай ауылы тұрғындарымен онлайн кездесу өтті.

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қ. Дубирбекова Ақтоғай ауылының тұрғындарымен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында кандидаттар сайлауалды бағдарламада көрсетілген облыс дамуының жеті бағытын жариялады. Бұл бағдарлама экономикалық дамуға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. "Nur Otan" партиясы ауыл азаматтарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Кандидат тұрғындарды 10 қаңтарда "Nur Otan"партиясына дауыс беруге шақырды.

ПОСТ С ФБ 

0
0
185

Шаян ауылының тұрғындарымен кездесуде

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, "Nur Otan" партиясы атынан Бәйдібек аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қапалбаев Ғабиден Заманханұлы, Құрманалиева Несіп Мамытбекқызы, Оразымбетова Арай Алпысәліқызы, Молдабекова Айгүл Орынбасарқызы және мен Қожамжарова Рахат Сейдахметқызы Шаян ауылының тұрғындарымен кездесуді жалғастырып "NUR OTAN "  партиясының сайлау алды бағдарламасымен кеңінен таныстырдық.

Мұндағы мақсат –  ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫ

✔️Экономикалық тұрақты аудан;

✔️Ыңғайлы аудан;

✔️Әлеуметтік қызметке бағдарланған аудан;

✔️Жастарға арналған аудан;

✔️Мәдениеті мен тарихы бай аудан;

✔️Ашық және есеп беретін жергілікті органдар;

✔️Қауіпсіз аудан.

Тұрғындарды мазалайтын дәл осы мәселелер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың   7 басым бағыттарының негізі етіп айқындалған.

Басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау. Алдағы 5 жылда жүзеге асатын жоба-жоспарларды түсіндіру.

NurOtan

#NurOtan

#Nur Otan Baidibek

#Bizbirgemiz

#Jasotan

#JenimpazBol

#ГолосуйзаNurOtan

#jastar

#tanday2021

#nurotanmenbirge

#NurOtanTurkestan

#NurOtangaдауысбер

#NurOtanTurkestanoblysy

0
0
176

Батыс Жезқазған кеніші еңбек ұжымымен кездесу

Сайлауалды науқаны қыза түсіп, саяси додаға байланысты үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Nur Otan» партиясының Сәтбаев қалалық филиалы жанынан құрылған штаб мүшелері өндірісті аймақтағы ірі кәсіпорындарда кездесулер өткізуде. Бүгін партияның қалалық штаб мүшелері және депутаттыққа кандидаттар Батыс Жезқазған кеніші еңбек ұжымымен партияның қала бойынша сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

Кандидаттар мен штаб мүшелері сайлаушыларға  саяси науқанда белсенділік танытуға шақырды.

«Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында қаланы дамытудың негізгі жеті бағытына басымдық беріп отыр. Олар жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлікті қолдау, тұрғындардың әлеуметтік ахуалын жақсарту бағытында шаһарда инфрақұрылымды одан әрі кеңейту арқылы экономикасы тұрақты мекен қылуды көздейді. Осы бағытта баяндалған бағдарламамен таныстырған үміткерлер кәсіпорын қызметкерлерін белсенді болуға шақырып, әр дауыс маңызды екенін мәлімдеді. Депутаттыққа үміткерлер праймеризде ұсынған қаланы дамытудағы жоспарлары бағдарламада ескерілгенін атап өтті.  Жиын кезінде кәсіпорын қызметкерлері де сөз алып, саяси науқанда белсенділік көрсететінін айтты.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
268