Фэйзбук желісінде тікелей эфир өткізілді
А.Бекішұлы эфир барысында тұрғындарға "Nur Otan"партиясының Исатай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырып және ондағы «Құтты мекен», «Ауыл-ел бесігі» жобалары жөнінде нақтылап айтты. 2025 жылға дейін жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үй құрылысын жалғастырып, Аққыстау ауылынан жалпы саны 3 қатарлы 60 пәтерлік 5 тұрғын үй құрылысын салуға, 2023 жылы Х. Ерғалиев , Нарын, Жанбай ауылдарына электр желісін жүргізуге жоспаланып отырғанын түсіндірді. Сондай-ақ, халықты толғандырған жол мәселесіне тоқталды. Оның ішінде 2021-2023 жылдары Аққыстау ауылының 16,3 шақырым ауылішілік жолдарын қайта жаңғыртуға, 2022 жылы Жанбай ауылының 9,5 шақырым ауылішілік жолдарын күрделі жөндеуге, 2022-2024 жылдары Х.Ерғалиев ауылының 8,5 шақырым ауылішілік жолдарын күрделі жөндеуге жоспарланып отырғанын айтты. Сөз соңында еліміздегі беделді партия- "Nur Otan"партиясына дауыс беруге шақырды.
