Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Батыс Жезқазған кеніші еңбек ұжымымен кездесу

Сайлауалды науқаны қыза түсіп, саяси додаға байланысты үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Nur Otan» партиясының Сәтбаев қалалық филиалы жанынан құрылған штаб мүшелері өндірісті аймақтағы ірі кәсіпорындарда кездесулер өткізуде. Бүгін партияның қалалық штаб мүшелері және депутаттыққа кандидаттар Батыс Жезқазған кеніші еңбек ұжымымен партияның қала бойынша сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

Кандидаттар мен штаб мүшелері сайлаушыларға саяси науқанда белсенділік танытуға шақырды.

«Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында қаланы дамытудың негізгі жеті бағытына басымдық беріп отыр. Олар жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлікті қолдау, тұрғындардың әлеуметтік ахуалын жақсарту бағытында шаһарда инфрақұрылымды одан әрі кеңейту арқылы экономикасы тұрақты мекен қылуды көздейді. Осы бағытта баяндалған бағдарламамен таныстырған үміткерлер кәсіпорын қызметкерлерін белсенді болуға шақырып, әр дауыс маңызды екенін мәлімдеді. Депутаттыққа үміткерлер праймеризде ұсынған қаланы дамытудағы жоспарлары бағдарламада ескерілгенін атап өтті. Жиын кезінде кәсіпорын қызметкерлері де сөз алып, саяси науқанда белсенділік көрсететінін айтты.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
245

Осы тақырып бойынша

Батыс Жезқазған кеніші еңбек ұжымымен кездесу - Yvision.kz