Мазмұнға өту

Жаңа

Еңбек ардагерімен канвассинг кездесу

Аудандық маслихат депутаттығына үміткер Байжигитова Гульнара Сайлауқызы «Nur Otan»  партиясы Созақ аудандық филиалының үгіт-насихат жұмыстарының бекітілген кестесіне сәйкес, еңбек ардагерімен канвассинг кездесу мақсатында Созақ ауылының тұрғыны,  еңбек ардагері Әмірбаев Өмірәлінің отбасында болды. 

    Партияның 2025 жылға дейінгі бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.  Еңбек ардагерінің ұсыныс-пікірлерін, талап-тілектерін тыңдай отырып назарға алды. 2021 жылдың 10 қаңтарда өтетін барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының сайлауына үміткер ретінде дауыс беруге шақырды.

0
0
120

"Nur Otan" партиясының Үржар аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы

14-ші желтоқсан күні "Nur Otan" партиясының Үржар аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы мен аудандық сайлауалды штабының мүшелері тарапынан Үржар ауылындағы көпбалалы отбасыларға,әлеуметтік осал топтарға берілген үйлерге мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында заң бұзу фактілері анықталған жоқ,барлығы заң аясында кезек бойынша беріліп жатқандығы анықталды.

17
0
190

Манликов Алишер Қайратұлы тікелей эфирінде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсан күні қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Манликов Алишер Қайратұлы тікелей эфирінде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

0
0
284

«КАНВАССИНГ» Мальтекбасов Марат Жабықбаевич

«Nur Otan» партиясы Талдықорған қаласы маслихаты депутаттығына үміткер Мальтекбасов Марат Жабықбаевич Талдықорған қаласының бұрынғы әкімі, 1974 жылдары Қ.Р.Мәжіліс депутаты, Алматы облысының құрметті азаматы, Жақиянов Оралбек Нұрсейітұлымен «КАНВАССИНГ» акциясы негізінде кездесу өткізді. Кездесу барысында биылғы сайлаудың маңыздылығына ерекше тоқталып қазақ халқы үшін тарихи сайлау екендігін айтылды. 2017 жылғы Елбасының саяси реформаларын қолдап, маслихат пен мәжілістің жүгі ауыр екендігін айтты. Мемлекеттік органдардың қызметін «қызмет үшін адам» емес, «адам үшін қызмет» қағидасы бойынша қайта құру маңызды», – деген сөзін алға қоя отырып, қызметтерінің халық игілігі үшін атқарылатындығын айтып өтті.

0
0
251

«Үміткерге сұрақ қойыңыз» Мальтекбасов Марат Жабықбайұлы мен Манликов Алишер Қайратұлы

«Үміткерге сұрақ қойыңыз»

«Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мальтекбасов Марат Жабықбайұлы мен Манликов Алишер Қайратұлы тікелей эфирінде азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, партияның сайлауалды бағдарламасындағы дамудың 7 бағытын қамтып өтті.

0
0
254