Еңбек ардагерімен канвассинг кездесу
Аудандық маслихат депутаттығына үміткер Байжигитова Гульнара Сайлауқызы «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалының үгіт-насихат жұмыстарының бекітілген кестесіне сәйкес, еңбек ардагерімен канвассинг кездесу мақсатында Созақ ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Әмірбаев Өмірәлінің отбасында болды.
Партияның 2025 жылға дейінгі бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Еңбек ардагерінің ұсыныс-пікірлерін, талап-тілектерін тыңдай отырып назарға алды. 2021 жылдың 10 қаңтарда өтетін барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының сайлауына үміткер ретінде дауыс беруге шақырды.
